21.01.2018
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

ТӘУЕЛСІЗДІК МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА БАС МҮФТИ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

image 1
2016-12-09

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы діни салада жемісті қызмет етіп жүрген бас имамдар мен Діни басқарма қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

Бас мүфти рәсімге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде баршаны еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, асыл дініміз бен төл руханиятымызды дамыту жолындағы қажырлы еңбектері үшін алғысын жеткізді.

 

 

«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық белесінде, соның ішінде діни салада жеткен жетістіктерімізде Сіздердің белсенді қызметтеріңіз бен тарихи, ізгі іс шараларыңыздың қолтаңбасы жатқаны даусыз.

Ұлтымызды имандылыққа ұйытып, халқымызды игілікке бастап, асыл дініміздің абыройын асқақтатқан дін жолындағы қажырлы қызметтеріңіз бен елеулі еңбектеріңіз үшін Сіздерге айрықша алғысымды білдіремін», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Рәсім соңында Бас мүфти алғыс хат иегерлерін дін жолындағы қызметті одан әрі үздіксіз дамыту керектігін айтты және бұдан кейінгі жұмыстарына жеміс тіледі.

ҚМДБ баспасөз қызметі

 

Muftyat.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

818

Өзге жаңалықтар

  • «Асыл арна» телеарнасының қызметкері «2017 жылдың үздік оқытушысы» атанды!
  • Бүгін "Асыл арнаға" ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы ат басын бұрды.
  • "Мемлекет мақтанышы-2017" байқауы өтті
  • Бас мүфти: ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҮЛЕС – БАРЛЫҚ МҮДДЕДЕН БИІК КҮРЕС
  • Бүгін елордамыз Астана қаласында ақпарат саласының үздіктері марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.
  • Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақ энциклопедиясы» баспасының 50 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт рухын жаңғыртқан жарты ғасыр» атты конференция өтті.
  • ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)
  • "АСЫЛ АРНА" - НИГЕРДЕ! («Жұмыла көтерген жүк жеңіл») (ФОТО)
  • ҚР Үкіметінің шешімімен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев "Асыл арна" телеарнасының қызметкері Сырым Әуезханды "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығымен марапаттады.
  • ҚМДБ: СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ БАС МҮФТИ БОЛЫП САЙЛАНДЫ (ФОТО)
  • Нәтижелері жоқ.




    Please enter the letters as they are shown in the image above.
    Letters are not case-sensitive.
    .