21.01.2018
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

БАС МҮФТИ БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБСАТТАР СМАНОВТЫҢ ҚАЙТЫС БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ

image 1
2016-11-28

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, «Сарыағаш» медресесінің директоры, белгілі дінтанушы ғалым Сманов Әбсаттар Шәкірұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.

«Еліміздің діни саласында үлкен қайғылы оқиға орын алды. Асыл дініміздің өркендеу жолында талай жыл табанды еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеген бауырымыз, танымал теолог Әбсаттар Шәкірұлы дүние салды. Марқұмның отбасына, ағайын-жұртына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымы, Ғұламалар Кеңесі атынан көңіл айтамын. Ә.Смановтың жазған еңбектері мен діни-ағарту саласына қосқан үлкен үлесі еліміздің дін қызметкерлері үшін әрқашан үлгі болмақ. Марқұмның жаны жәннатта болғай! Алла алдынан жарылқап, мейірімі мен рахымына бөлегей! Әмин!» – делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Сманов Әбсаттар Шәкірұлы 1989-1993 жылдар аралығында Өзбекстандағы имам әл-Бұхари атындағы Жоғары Ислам институтын үздік дипломмен бітірді. 1995-2002 жылдар аралығында «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы сауат ашу курсын басқарды. 2009 жылдан бері ҚМДБ жанындағы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі. Осыған дейін «Сарыағаш» медресесін басқарды. 2008-2010 жылдары Құран Кәрімді қазақ тіліне аударды.        

 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

1373

Өзге жаңалықтар

  • «Асыл арна» телеарнасының қызметкері «2017 жылдың үздік оқытушысы» атанды!
  • Бүгін "Асыл арнаға" ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы ат басын бұрды.
  • "Мемлекет мақтанышы-2017" байқауы өтті
  • Бас мүфти: ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҮЛЕС – БАРЛЫҚ МҮДДЕДЕН БИІК КҮРЕС
  • Бүгін елордамыз Астана қаласында ақпарат саласының үздіктері марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.
  • Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақ энциклопедиясы» баспасының 50 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт рухын жаңғыртқан жарты ғасыр» атты конференция өтті.
  • ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)
  • "АСЫЛ АРНА" - НИГЕРДЕ! («Жұмыла көтерген жүк жеңіл») (ФОТО)
  • ҚР Үкіметінің шешімімен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев "Асыл арна" телеарнасының қызметкері Сырым Әуезханды "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығымен марапаттады.
  • ҚМДБ: СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ БАС МҮФТИ БОЛЫП САЙЛАНДЫ (ФОТО)
  • Нәтижелері жоқ.




    Please enter the letters as they are shown in the image above.
    Letters are not case-sensitive.
    .