21.01.2018
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Әлемде алғаш рет жібектен Құран Кәрім жасалды

image 1
2016-11-24

33 жастағы әзербайжандық суретші әрі безендіру өнерінің шебері Тунзале Меммедзаде есімді қыз жібек парақты Құран Кәрім жасады.

Алтын және күміс бояумен Қасиетті Құран аяттарын жібек матаға жазып дайындаған әзербайжандық өнерпаздың бұл еңбегі әлемдегі алғашқы көркем туынды. Бұл еңбек үшін Тунзале 50 метр қара жібек пен 500 миллилитр алтын және күміс бояу қолданған.

29х33 көлеміндегі жібек Құран Кәрімді дайындап шығуға 3 жыл уақыт кеткен. Түркияда Мармара университетінің өнер тарихы саласында докторлығын оқып жатқан Тунзале Меммедзаде бұл іске кіріспес бұрын мұндай көркем туынды бұрын-соңды жасалған ба, соны зерттеп алған.

«Зерттей келе бұған дейін жібектен Құран Кәрім жасалмағандығын білдім. Бұған дейін Құран Кәрім көптеген дүниелерге жазылып келді. Алайда жібекпен жасалып отырғаны бұл алғашқы. Мен бұл Құран Кәрімнің барлық парақтарын жібектен қылдым. Оның үстіне жібек Құран Кәрімде кездесетін мата», – дейді ол.

Араб қаріптерін білгендіктен аяттарды жазу мәселесінде еш қиналмағандығын тілге тиек етті ол.

«Бұл істі соңына дейін бітіруді қатты қаладым. Мұндай көркем туындыны соңына дейін бітірткен Алла Тағалаға шүкір айтамын. Әлемдегі алғашқы жібек Құран Кәрім жасағаным үшін бақыттымын», – дейді Тунзале.

3767

Өзге жаңалықтар

  • «Асыл арна» телеарнасының қызметкері «2017 жылдың үздік оқытушысы» атанды!
  • Бүгін "Асыл арнаға" ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы ат басын бұрды.
  • "Мемлекет мақтанышы-2017" байқауы өтті
  • Бас мүфти: ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҮЛЕС – БАРЛЫҚ МҮДДЕДЕН БИІК КҮРЕС
  • Бүгін елордамыз Астана қаласында ақпарат саласының үздіктері марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.
  • Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақ энциклопедиясы» баспасының 50 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт рухын жаңғыртқан жарты ғасыр» атты конференция өтті.
  • ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)
  • "АСЫЛ АРНА" - НИГЕРДЕ! («Жұмыла көтерген жүк жеңіл») (ФОТО)
  • ҚР Үкіметінің шешімімен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев "Асыл арна" телеарнасының қызметкері Сырым Әуезханды "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығымен марапаттады.
  • ҚМДБ: СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ БАС МҮФТИ БОЛЫП САЙЛАНДЫ (ФОТО)
  • Нәтижелері жоқ.




    Please enter the letters as they are shown in the image above.
    Letters are not case-sensitive.
    .