25.09.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан
05:2406:4012:4716:5918:4820:03

ҚМДБ: ЖАНАЗАҒА АРНАЛҒАН КІТАП ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

image 1
2016-11-15

 

Алматыда өтіп жатқан Ғұламалар Кеңесінің отырысында «Дін мен дәстүр» кітабының екінші томы және «Жаназа» кітабының мазмұны талқыланып, мақұлданды.

«Қазақтың дәстүрлі құндылықтары мен жаназа мәселелерін жүйелеу және оларды халық игілігіне айналдыруға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қоғам үшін маңызы зор «Дін мен дәстүр» және «Дін мен тарих тағылымы» жылы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың бірі діни еңбектердің жарық көруі. Бұл жалпы қоғам мен дін қызметкерлеріне арналған құнды дүние. Кітаптың басты мақсаты елге шариғат пен дәстүрімізді ұштастырып жеткізу»,  – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

 

 

Жаназа кітабында қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдептері және қабірді зиярат ету мәселелері қамтылған.

Кеңес барысында наиб мүфти Серікбай қажы Ораз «Жаназа» кітабын шығарудағы негізгі мақсат - еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа жол бермеу, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу екенін жеткізді.

Бұл елеулі еңбектер еліміздегі имамдарға тегін үлестіріліп, дін мен дәстүрімізге сай үкімдерді орындау көзделген.

Muftyat.kz

 

3338

Нәтижелері жоқ.




Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.