22.01.2018
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Медреселер колледжге айналды

image 1
2016-11-17

Елімізде рухани білім беру жүйесі жаңа бағытта, яғни мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асады. Қазір сауатты дінтанушы маман дайындау маңызды мәселе. Сондықтан Қазақстандағы діни қызметкерлерді оқытумен айналысатын тоғыз медресенің үшеуіне колледж мәртебесі берілді.

Бұл туралы бүгін «Зайырлылық - Қазақстандық қоғам тұрақтылығының негізі» атты Республикалық дінтанушылардың алтыншы форумында дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин мәлім етті.

Колледж деңгейіне ие болған діни оқу орындары мемлекеттік бағдарлама бойынша дәстүрлі діни бағытта білім береді. Орта білім беру мекемелерінің талабына сай болу үшін ғылыми бағытта да сабақтар жүреді. Бұл елімізде біліктілігі жоғары дінтанушы мамандар тәрбиелеуге жол ашады. Зайырлы қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуда мемлекет пен дін бір мүддеге жұмыс істеу керек, - дейді сала мамандары.

"Ол зайырлылық қатып қалған қағидаттар емес. Мемлекет діннің арасына араласпайды, дін мемлекеттің арасына араласпайды. Бірақ бір кезде сыртқы, ішкі факторларға байланысты мемлекет тікелей дінге қамқоршы ролін атқарады. Бір уақыттарда қорғаныс мәселесімен айналысады. Бір кезеңдерде оған жәрдем де жасайды" - дейді Философия ғылымдарының докторы Айдар Әбуов.

3550

Өзге жаңалықтар

  • «Асыл арна» телеарнасының қызметкері «2017 жылдың үздік оқытушысы» атанды!
  • Бүгін "Асыл арнаға" ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы ат басын бұрды.
  • "Мемлекет мақтанышы-2017" байқауы өтті
  • Бас мүфти: ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҮЛЕС – БАРЛЫҚ МҮДДЕДЕН БИІК КҮРЕС
  • Бүгін елордамыз Астана қаласында ақпарат саласының үздіктері марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.
  • Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақ энциклопедиясы» баспасының 50 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт рухын жаңғыртқан жарты ғасыр» атты конференция өтті.
  • ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)
  • "АСЫЛ АРНА" - НИГЕРДЕ! («Жұмыла көтерген жүк жеңіл») (ФОТО)
  • ҚР Үкіметінің шешімімен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев "Асыл арна" телеарнасының қызметкері Сырым Әуезханды "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығымен марапаттады.
  • ҚМДБ: СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ БАС МҮФТИ БОЛЫП САЙЛАНДЫ (ФОТО)
  • Нәтижелері жоқ.




    Please enter the letters as they are shown in the image above.
    Letters are not case-sensitive.
    .