20.11.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Руслан Әмірханұлы Құлбаев

image 1

«Асыл арна» телеарнасының бас бейнеинженері.
1986 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Тараздағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепті бітірген. 2009 жылы «Тараз-Ғасыр» колледжін тәмәмдайды. 2007-2008 жылдары «Қазақстан-Тараз» телерадиокорпорациясында монтаж бөлімінде қызмет атқарады. 

2008 жылдан бері «Асыл арна» телеарнасында қызмет атқарады. Руслан Құлбаев монтаж саласында ғана емес, 2012 жылдан бастап режиссура бағытында түрлі туындылар жасап келеді. Атап айтар болсақ, «Асыл арна» телеарнасының төл туындысы «Мұнаралы Еуропа», «Мұнаралы Еуропа: Қос аралдағы құлшылық-2» деректі фильмдерінің, «Күнәнің зардаптары», «Намаз – құлшылықтың ұлығы», «Неге?», «Өмірдің мәні», «Құран» роликтерінің режиссері. 
Үйленген. Бір ұлы, бір қызы бар.


.