20.11.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Ермұханбет Ақболатұлы Иманбаев

image 1

«Асыл арна» телеарнасының бас режиссері. 1985 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясына түсіп, 2008 жылы «Кино және телевидение» факультетінің режиссер мамандығы бойынша тәмамдайды. 2006 жылы Мәскеудегі С. А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінде білімін жетілдіріп келеді.
2006-2008 жылдары Қазақстан Ұлттық телеарнасында «Көңілашар», «Қайырлы таң, Қазақстан» бағдарламаларында қызмет етті.
2008 жылдан бері «Асыл арна» телеарнасында жұмыс атқаруда.
2011 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сол кездегі төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі асыл дініміздің елімізде кеңінен насихатталуына үлес қосқаны үшін Ермұханбет Ақболатұлын алғыс хатпен мараппаттады.
Үйленген. Бір ұл, бір қызы бар.


.