19.01.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Жанәділ Құрманбекұлы Раймбеков

image 1

Жанәділ Құрманбекұлы Раймбеков. «Асыл арна» телеарнасында «Қоғаммен байланыс» бөлімінің жетекшісі. 
1984 жылы тамыз айында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Осы елді мекенде орта мектепті аяқтап, 2001-2005 жылдары Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде жоғары білім алған. Университет қабырғасында жүріп қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, халықаралық конференцияларда, дебаттарда жүлделерге ие болады. 
Университетті аяқтаған соң, 2005-2009 жылдар аралығында «Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау» орталығында сабақ береді. Осы жылдары Жамбыл облысының Орталық мешітіндегі үгіт-насихат тобына мүше болады. Мешіт жанындағы аталған ұйым мен облыстық ішкі саясат басқармасы бірлесе ұйымдастырған облыстық лекцияларда ұлттық құндылықтар, тәрбие, дін мен дәстүр тақырыптарында дәріс оқиды. 
Сондай-ақ, 2006-2010 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде оқытушы болып қызмет атқарады. 2008 жылы осы университетте факультет деканының орынбасары қызметіне тағайындалады. 2008-2011 жылдары Жамбыл облысы қажылар қауымдастығының төрағасы лауазымын атқарды. 
2012 жылдан бері «Асыл арна» телеарнасында қызмет етіп келеді. Үйленген. Үш ұл, бір қызы бар.


.