12.12.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан
06:4908:1212:4915:3817:2018:43

Шорабек Бәтейұлы Айдар

image 1

Айдаров Шорабек Бәтейұлы 1955 жылы 1 қаңтар күні Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. 1972 жылы аталмыш аудандағы Жданов атындағы орта мектепті бітірген. 1973-1975 жылдары әскер қатарында болады.1980 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне түседі. Бірақ, осы жоғары оқудан отбасы жағдайына байланысты 1983 жылы қол үзіп қалады. 1980-1983 жылдары Алматы қаласындағы "Жазушы" баспасында шаруашылық бөлімін басқарады.  1984-1989 жылдар аралығында Талас ауданы мәдениет бөлімінің методисі, халық театрының режиссері, автоклуб меңгерушісі қызметін атқарады. 1989-1991 жылдары Талас аудандық "Талас тынысы" газетінде әдеби қызметкер, 1991-1997 жылдар аралығында Талас аудандық тарихи өлкетану музейінің директоры болады. 1997-1999 жылдары Тараз қаласындағы облысаралық "Салық тәртібі" газетінің тілшісі болды. 

2009 жылдан бері ислами-ағартушылық "Асыл арна" телеарнасында жауапты шығарушы редактор болып қызмет атқарып келеді.
1983 жылдан бастап ақындар айтысына қатыса бастады. Бірнеше дүркін облыс және Республика ақындар айтысында жеңімпаз атанды және жүлдегерлер қатарында болды. 1991 жылы Мұқағали Мақатаевтың 60 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында бас жүлдені иеленді. 1994 жылы Республикалық наурыз айтысының жеңімпазы болды. Осы жылы Ілияс Жансүгіровтың 100 жылдығына байланысты ұйымдастырылған Республикалық айтыста бәйгеге тұңғыш рет тігілген бас жүлде темір тұлпарды тізгіндеді.


.