20.11.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Алтынбек Талғатұлы Рахымберді

image 1

«Асыл арна» телеарнасының тілшісі. 1990 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кіші Дихан ауылында дүниеге келген. 2008 жылы М.Таипов атындағы орта мектепті бітірді.
Мектеп жасында М.Мақатаев, І.Жансүгіров атындағы жыр мүшәйраларына қатысып, жүлделі орындарды еншілеген.
2008-2012 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Менеджмент және халықаралық коммуникациялар» факультетінде «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған. 
2014 жылы аталған университеттің «Халықаралық қатынастар» факультетінде «Аймақтану» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады.
Ресейдегі белгілі «Российский университет дружб
ы народов» оқу орнында білімін жетілдірген.
2012-2013 жылдар
ы Қазақ радиосы «Қайырлы таң, қазақ елі!» бағдарламасында тәжірибеден өтті.
2013 жылдан бері «Асыл арна» рухани-ағартушылық телеарнасында журналист. «Жан азығы», «Ислам мәдениеті», «Жұма мүбәрак» «Бағдаршам», «Ұлт нақышы», «Ерен еңбек» секілді ұлттық құндылықтарды дəріптейтін бағдарламаларды жүргізді. 
Үйленген. Бір қызы бар.


.