24.07.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Нұрболат Қуанышбекұлы Жантелиев

image 1


1983 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келген. Сол ауылдағы «Жеңістің 30 жылдығы» атындағы орта мектепті тәмәмдап, 2000-2005 жылдары Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық университетінің «Тарих» факультетінде «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша білім алды. «Саясаттану» мамандығының магистрі. 
Журналистика саласындағы алғашқы баспалдағын 2004-2010 жылдар аралығында Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі болып бастаған. 
2008-2010 жылдары Қазақстан Ұлттық телеарнасында тікелей эфирге шығатын «Дағдарыстан дамуға» бағдарламасының және бірнеше жобалардың жүргізушісі. Әр жылдары «Хабар» арнасы мен «Айқын» басылымының тілшісі. 
Этножурналистика саласы бойынша «Шаңырақ» конкурсының жеңімпазы. 
2010 жылдан бастап «Асыл арна» ағартушылық телеарнасының тілшісі. 
Ағартушылық, танымдық бағыттағы «Хақпен қауышу», «Біздің уақыт», «Ежелден мұсылман ел едік», «Мұсылман әдебі», «Құқыңызды біле жүріңіз», «Метро тынысы», «Бір күн бірге», «Ұлттық бренд», «Менің анам...Менің әкем...», «Арнайы хабар» бағдарламаларының жүргізуші-редакторы. 
«Иман нұры», «Маңызды мәселе», «Қажылық күнделігі» және Рамазанға байланысты әр жылдары жарыққа шыққан «Қасиетті Рамазан», «Берекелі Рамазан», «Рахым жауған Рамазан», «12 айдың сұлтаны» атты тікелей эфирлерден тарайтын бағдарламалардың жүргізушісі. 
Үйленген. 2 ұлы бар.


.