17:35 | Ем болсын
17:45 | Құран уақыты
2016-05-04 (0) (3901)
post

«Сөйлейтін» қолғап ойлап тапты (ВИДЕО)

Вашингтон университетінің студенті Навид Азоди Томас Прайор есімді курстасымен бірге ғажап қолғап ойлап тапты.

Бұл қолғап ым-ишара тілін жазбаша немесе ауызша аударып береді. Осындай ерекше ғылыми жаңалығы үшін жастар Массачусетс технология университетінің премиясымен марапатталды.

«Алғашында бізді тек техникалық мәселелер мен оны шешу жолдары қызықтырды. Сонымен қатар, сөйлесу, қарым-қатынас жасау әр адам хақылы екенін де ескеріп, осы жаңалығымызбен көптеген адамдарға көмектессек деп ойладық» дейді студенттер өз жұмыстарын таныстыру кезінде.

Қолғапқа орнатылған сенсор адамның іс-қимылын бағып, ым-ишарамен айтылған сөздерді сымсыз желі арқылы компьютерге жібереді. Компьютер ақпаратты тез арада аударады. Онан соң ишарамен айтылған ақпараттар динамика арқылы айтылады немесе жазбаша мәтінмен жазылады. 

e-islam.kz

 

3902 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !