2016-04-14 (0) (3938)
post

БРИТАН КІТАПХАНАСЫ КӨНЕ ҚҰРАН ҚОЛЖАЗБАСЫН ЖАРИЯ ЕТТІ

1200 жылдық тарихы бар ең көне Құран қолжазбаларының бірі Ұлыбритания кітапханасының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Quartz.

Ғалымдар VIII ғасыр мұрасына балаған қолжазба Еуропаға 130 жыл бұрын жеткізілген.

Британ ұлттық кітапханасының ресми сайтына көне Құранның үштен екі бөлігі – 121 беті сандық форматқа түсіріліп, жарияланған. Қолжазба хижаз тілінде жазылған.

Кітапты Тұманды Альбион топырағына Гревиль Джон Честер есімді шіркеу қызметкері әкелген көрінеді. Джон Честер Мысыр мен Таяу Шығыс елдеріне жиі саяхат жасайтын болған. Осындай сапарларының бірінде осы қолжазбаны қолға түсірген. Кейіннен, 1879 жылы Британ музейі аталмыш жәдігерді сатып алады.

Мамандардың пайымдауынша, Құран қолжазбасы өте құнды жәдігер. Қасиетті кітап жазба түрдегі ең ежелгі нұсқалардың бірі болып табылады. 

e-islam.kz

3939 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !