2019-09-05 (38) (1697)
post

"Асыл арна" телерадиокомпаниясында ЖАҢА МАУСЫМ!

 

•Бұрын-соңды болмаған ерекше жобалар 
•Қызықты да пайдалы бағдарламалар
•Көңілдің пернесін басар тартымды роликтер
•Көкейдегіні дөп басып айтар сапалы контенттер
•Сондай-ақ, көпшіліктің жүрегінен жол тапқан телехикаялар. 
БІЗДІҢ АРНАДА! 
Осы орайда, "Асыл арна" телеарнасы Алматы қаласындағы Cinema Towers кинотеатрында алдағы тың жоспарларын көпшілікке таныстырды. Кешке бірқатар белгілі ақындар мен жазушылар, өнер ағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының белді өкілдері және қазақ телевизиясының майталмандары қатысты. 
"Ақылдасуда - береке бар" демекші, кеш барысында біраз ортақ пайдалы шешімдер айтылып, жобалардың іске асу бағытына бірқатар жаңашылдық та енгізілді. Сонымен қатар, қонақтар көрерменнің көңіліндегісін табу жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан жас ұжымның жұмысын жоғары бағалап, оң бағасын берді.  
Халықтың қолдауы мен ыстық ықыласы, ақ батасы – бізге үлкен көмек. Алла баршамыздың еңбегімізді адал, ниет-ықыласымызды таза еткей!
Тың ізденістер мен төгілген тердің жемісін алда көретін боласыздар! Әр қазақтың төрінде "АСЫЛ АРНА" ҚОСУЛЫ БОЛСЫН!"

 

 

1698 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


*