Iman 2019-06-26 (38) (1161)
post

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ (ВИДЕО)

 

Арыста орын алған жағдайдан кейін, қаланың көп бөлігі қирап қалған. Ондағы  7600 тұрғын үйдің терезелері сынса, 80-85 пайыз  үйдің шатырына зақым келген.  Бұдан өзге де  қатты зардапқа ұшыраған нысандар  бар.  Жарылыс кезінде баспаналарын тастап қашқан халық, енді өз үйлеріне келуді армандап жүр. Алайда, мамандар қазіргі уақытта халықты  Арысқа қайтуға асықпаса екен дейді. 
Оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатқан саперлар 24 снаряд пен қауіпті снарядтың 104 фрагментін  анықтады. Олардың барлығы  опат кезінде жарылып кеткен деген болжам да бар. Жалпы саны эвакуациялау жұмыстарына 100-ден астам  көлік жұмылдырылып отыр. Қала аумағын тәулік бойы ұлттық гвардияның 580 сарбазы мен 345 полиция қызметкерлері күзетіп жүр.
Бұл жағдайға байланысты Шымкентте қарапайым халықпен қоса, кәсіпкерлер де білек сыбанып кірісіп жүр. Олар зардап шеккен азаматтарға құны 25 млн теңгені құрайтын  дәрі-дәрмектермен көмек беруде. Игі іске мұрындық болған азаматтар мұнымен шектелмейді. Түркістан облысының  барлық аумағынан қаржылай,сондай-ақ,  киім-кешектермен көмектесіп жатқан адамдардың санында шек жоқ. 
Апатты жағдайдан 70 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған. Оның 4-еуі ауыр халде жеткізілді. Шымкент қаласы мен Жамбыл облысынан қосымша медициналық жедел жәрдем жұмылдырылды. Одан бөлек, республикалық санитарлық авиациямен келген дәрігерлер қызмет көрсетуде.

 

1162 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !