Iman 2019-06-24 (38) (609)
post

АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАППАЙ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛІП ЖАТЫР

 

Бүгін, 24 маусым күні Арыс қаласы әскери бөлімшесінің  оқ-дәрі қоймасынан өрт шықты. Нәтижесінде оқ-дәрілер тұтанып, жарылыс болды. Таңғы сағат 09:20-да орын алған өрттің қалай басталғандығы туралы әзірше нақты мәлімет жоқ.  
Қазіргі уақытта өрт сөндіру және эвакуациялық жұмыстар жүргізіліп, төтенше жағдайға қатысты Арыс қаласында арнайы медициналық штаб құрылды. Шымкент қаласындағы 15 бекетте Арыс қаласынан эвакуацияланғандарды қабылдап, бекеттерге арыстықтардың алғашқы легі келіп жайғастырылды. Ата-анасынан адасып қалған, балабақшадан, лагерьлерден әкелінген балалар Шымкент қаласындағы "Ақмешіт" орталық мешітіне орналастырылды.

Орын алған төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:  "Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласындағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет", - деп жазды.

 

 

610 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !