2019-06-19 (0) (3734)
post

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ 1 МЛН ТЕҢГЕ ТҰРАТЫН "ЖАС ҚАРИ" ЖОБАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Баланың тәрбиесін бастан ұйғар,
Иілмей қатайған соң босқа қинар.
Өскенде ақиқаттан адаспайды,
Құранды жаттап өскен жас қарилар!
*
Оқырмандарымызды тағы бір жақсы жаңалықпен қуантсақ дейміз!
Бүгін Алматы қаласында «Асыл арна» телеарнасы мен Алматы орталық мешіті бірлесе ұйымдастырған «Жас қари» телесайысының ақтық кезеңі өтейін деп жатыр. Додаға Алматы қаласы мен Алматы өңірінен іріктелген 7 мен 13 жас аралығындағы 24 шәкірт қатыспақ. 
Телесайыс Д.Қонаев атындағы мешітте өтіп жатыр. Жүлде қоры 1 млн тг.
Алла қаласа, инстаграм арқылы тікелей эфирге шығып, сіздерді шара барысынан хабардар ететін боламыз.  Өткізіп алмаңыздар!
Алланың сөзін санасына сіңіріп, Құран жаттап өсіп келе жатқан шәкірттерімізге ақ жол тілейміз! Ел ертеңі болар жастарымыз адал, білімді әрі иманды болсын!

asylarna.kz

 

 

 

 

 

3735 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !