Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

"ТЕГІН ТАКСИ" АКЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР


Ақпанның ақырған аязы мен бет қаратпас бораны күшейген сайын, еліміздің біраз аймақтарында қоғамдық көліктердің жүрісі қиындап, қала тұрғындарының жұмысқа келіп-кетуіне айтарлықтай кедергі туындап отыр. Осы орайда еліміздің бірнеше қаласында арнайы жобалар ұйымдастырылып, жақсылыққа жаны құмар жамағат жұмылдырылды.

Еліміздің бас қаласында «Астана – мейірімді қала» жобасы қолға алынып, бірнеше күн бойы «Тегін көлік » қызметі қосылып, аялдамада тұрған және қол көтеріп тоқтатқан жүргіншілердің барлығын қажетті жерлеріне жеткізіп, көмек көрсетті. Мұндай игі бастама Семей, Павлодар қалаларында да өз жалғасын тапты. 

Қала халқы көңілге жылылық ұялатып, адамдарды ізгілікке жетелейтін игілікті шара жасағаны үшін ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіруде.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер