Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

СУҒА БҮЛІНБЕЙТІН ҚҰРАН ШЫҒАРЫЛДЫ

Дубай қаласында өткен Paperworld Middle East халықаралық көрмесіне қойылған «тас қағаздан» жасалған қасиетті Құран көпшілікті таң қалдырды. Бұл «Тас қағазы» полимермен желімделген кальций карбонатынан жасалған, деп жазады qari.kz.

Ол суға ерімейді, жыртылмайды және мыжылмайды. Бұған қоса, қоршаған ортаға еш зияны жоқ.

«Әлемде сандық технология өркендеп келе жатқанымен әлі де ақпаратты қағазда сақтау, тарату, т.б. кеңінен пайдалануда. Өткен ғасырдағы  1980-ші жылдармен салыстырғанда қазіргі уақытта адамзат қағазды үш есе көп пайдаланады екен. Ол өз кезегінде қоршаған ортаға орасан зиянын тигізуде. «Тас қағаздан» жасалған Құран жоғарғы технологиялық және экологиялық ерекшілігімен назар аудартады» деді аталмыш компания директоры Джон Занджани.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер