Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

ҚАЗАҚСТАНДА 30 МЫҢ АДАМДЫҚ ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ


Астананың сол жағалауында жаңа мешіт салынады. Мешіт EXPO-2017 аймағында, Қабанбай батыр мен Мәңгілік ел даңғылдарының ортасына тұрғызылады. Оның сыйымдылығы - 30 мың адам, бұл еліміздегі және Орта Азиядағы ең үлкен мешіт болады. Оның капсуласын қалауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
"Мешіттің негізгі ғимаратын салып жатырмыз, ол біздің аймағымыздағы ең үлкен мешіт болады. Мұсылман әлемінде бұл жай ғана діни ғимарат емес, ол қонақтар, туристер келетін елордамыз үшін әсемдік тұрғыда маңызды нысан саналады. Біз бұған дейін салынған және қазір салынып жатқан мешіттерді зерттедік. Ең жақсы жобаларды таңдадық. Жобаны өзім қараймын, бұл нысанның құрылысын басынан аяғына дейін өзім бақылаймын. Кейін бәріміз жиналып, оны ашамыз", - деді Президент мешіттің іргетасына капсула қалау рәсімінде.
Жаңа мешіттің аумағы - 9,4 гектар. Ғимараттың жалпы аумағы 57 мың шаршы метр болмақ. Мешіт мұнарасының биіктігі 130 метр, ал негізгі күмбездің биіктігі 88,2 метр болады деп жоспарланып отыр. Ерлерге арналған ғибадат залына бір уақытта 15 мың адам сыйып кетеді, ал әйелдердің ғибадат залы 3 мың адамдық болады. Аулаға тағы 12 мың адам сыяды.






ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер