Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

Азаматтық авиация комитеті қазақстандықтарды қажылыққа тасымалдау бойынша дайындық жұмыстарын бастап кетті.


Жидда қаласында қажылық маусымының ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары бойынша Сауд Арабиясы Корольдігінің авиациялық билік органдары (General Authority of Civil Aviation) мен Қазақстан Республикасы делегациясының кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті, ҚР ҚДМ Қоғамдық келісім комитеті, Сауд Арабиясындағы ҚР консулдығы, қазақстандық әуе компаниялары мен Сауд Арабиясының тарапы қазақстандық қажылыққа сапар жасаушыларды әуе көліктерімен тасымалдауды ұйымдастыру мәселесін талқылады.

Биылғы қажылық маусымы тамыз айына (2019 жылдың 9 тамызынан 14 тамызына дейін) келмек. Сауд Арабиясының талаптарына сәйкес, Жидда мен Мәдинаға 2019 жылғы 4 шілдеден 5 тамызға дейін және Сауд Арабиясынан кері қарай 2019 жылғы 17 тамыздан 14 қыркүйекке дейін ұшуға болады.

Қазіргі уақытта қазақстандық әуе компаниялары биылғы көктемнен бастап Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында тікелей тұрақты рейстерді ашуды жоспарлап отыр. Бұл қазақстандықтардың Сауд Арабиясына тек қана қажылық маусымында ғана емес, сонымен бірге жыл бойы умра жасауына мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, тікелей тұрақты рейстердің ашылуы - екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға, жолаушылар тасымалын арттыруға, елімізге сырттан келу туризмін дамыту шеңберінде Араб түбегінен қосымша туристерді тартуға септігін тигізеді.





ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер