Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

«ҚМДБ зекет» МОБИЛДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ


Қуанышты жаңалық! Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы жанындағы «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры садақа, зекет беру жүйесін оңтайландыру мақсатында қордың мобилді қосымшасын іске қосты.
Қосымшада «зекетті есептеу», «зекет кітабы», «қор туралы», «біздің іс-шаралар», «онлайн садақа жасау», «мұқтаж жандар базасы» сынды басты нұсқаулар арқылы қажетті кеңестер, ақпараттар мен мәліметтер алуға болады.
«Зекет» қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлының айтуынша, мобилді қосымшаны іске қосудағы негізгі мақсат – қайырымдылық көмек көрсетуге, зекет беруге ниет білдірген азаматтарға қолайлы мүмкіндік жасау.
Сондай-ақ, бұл мобилді қосымшаның тағы бір ерекшелігі: автоматты есептегіш (калькулятор) құралы мал-мүліктің, яғни жинақталған қаржының зекетін бірден анықтайды. Мобилді қосымшаны «Play Mapкет» жүйесі арқылы «ҚМДБ зекет» сөзін жазып, жүктеп алуға болады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер