Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

"ЖАС ҚАРИ" ЖОБАСЫНЫҢ III КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ


"Асыл арна" телеарнасынан екі жыл қатарынан көрсетілген "Жас қари" жобасы биыл да өз жалғасын таппақ. Құран жаттауға құлшындыратын бұл жобаға Алматы қаласы мешіттерінде дәріс алып жүрген 7 жас пен 13 жас аралығындағы 24 шәкірт қатысады. Белгіленген уақыт ішінде болашақ жас қарилар Қасиетті Құранның 30-парасын, яғни "Нәба" сүресінен  "Нәс" сүресіне дейін жаттап тапсырады. Жоба барысында әр шәкірттің мектептегі үлгерімі, дос-жарандарымен қарым-қатынасы, өмірдегі қызығушылығы, үлгілі тәртібі де назардан тыс қалмайды. Қаңтар айында басталатын бұл ауқымды жобаның шешуші жарысы тамыз айының соңына жоспарланып отыр. Ендеше, жарысқа қатысушы жас жеткіншектерге сәттілік тілейміз!





ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер