Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

ҚАҒБАНЫҢ МАТАСЫ АУЫСТЫРЫЛАДЫ

«Кеше Мекке әмірі Халид Файсал қасиетті Қағбаның жаңа тоқылып біткен матасын жауапты адамдардың қолына тапсырды. Матаны Шәйба әулетінің атынан Шейх Салих ибн Зәйнулабидин әш-Шәйби қабылдап алған. Бұл кісі кезінде Мекке халқы Ислам қабылдағанда Пайғамбарымыздың өзі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаның кілтін тапсырған Усман ибн Талханың ұрпағы болатын. Бұл мата жылдағы дәстүр бойынша Арафа күні ауыстырылады деп күтілуде», -  деп хабарлайды жергілікті  «Әл-Яум» газеті. 11.09.2016 жыл, яғни Арафа күні қасиетті Қағбаның қара матасы ауыстырылады. Қағбаның матасын ауыстыру жылына бір рет, Арафа күні жүзеге асады. Аталған шараға екі қасиетті мешіттің басшылығы мен жауапты қызметкерлері де жұмылдырылған.
 Бұл ғұрып Исламға дейінгі (1400 жыл) бұрын басталып, осы күнге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді.
 Ал  ескі мата тігін фабрикасының қоймасына қайтарылады. 
Бұл – Мекке сыртында орналасқан, тек Қағбаның матасын тоқу үшін арнайы жабдықталған жеке фабрика. Мата бұл фабрикада 240 адамның қатысуымен бір жыл бойы тоқылады. Фабрика матаны тігу, бояу, баспа және электронды әрі қолмен тоқу бөлімдерінен тұрады. Сонымен қатар фабрикада ұзындығы 16 метрлік әлемдегі ең үлкен тігін кітапханасы орналасқан. 

 


 

Қағбаның матасын бір жылда тігіп шығу 22 млн риалды (5 млн. 900 мың доллар) құрайды екен. Матаны тігуге 700 келі таза жібек матасы, 120 келі алтын мен күміс жіптер, астарына мақталы қалың мата жұмсалады. Мата төрт қабырғаға төрт бөлек ілінеді. Бір жақ қабырғасының биіктігі – 9 метр, ені – 12 метр.


                                                                                

                                                                                                                                                 asylarna.kz

ПІКІР (1)

Данияр Абдуали

МашаАллаа' Алла' Таъала барша мұсылмандарға меккеге фарызын өтеп қайтуын нәсіп етсін!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер