Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ "ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУ СЫЙЛАЙТЫН" ШАРА ӨТТІ

Кеше Алматы қаласы Орталық мешітінде «Жүректерге жылу сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Акция Алматы Орталық мешіті жанындағы «Ихляс» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен және кәсіпкер, "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергеннің тікелей атсалысуымен өтіп, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді.  
Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамдары Дулатбаев Жорабай және Ермек Көкірекбаев аталмыш шараның маңыздылығына тоқталып, мұндай сауапты істердің қоғамдық маңызы зор екенін айтты.  Сондай-ақ, жақсы іске бас болып жүрген кәсіпкер Қайрат Құдайберген де әлеуметтік көмек алған жандарға көңіл сергітерлік сөздерін жеткізді. Мешітке келіп жүректері жылылыққа кенелген қала тұрғындары да мешіт қызметкері мен қолы ашық азаматтарға ризашылық сезімдерін білдірді.

Muftyat.kz








ПІКІР (1)

Айдана Аманбек
2019-01-10 18:48:22

Әрине алла қолдасын сіздерді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер