Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

АҒЫЛШЫН, АРАБ ТІЛДЕРІН ТЕГІН ҮЙРЕТЕДІ


«Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің»-деп дана халқымыз айтқандай, тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі тиіс. 2020-жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек», – деді.

Алматы өңірінің Талғар және Қарасай аудандары мешіт жанынан ағылшын тілін тегін оқыту курсы ашылды. Жастарға арналған оқыту курстарын ашудағы мақсат - өскелең ұрпақтың сауатты, жан-жақты, рухани дамыған, ұлтжанды болып қалыптасуына ықпал ету. Оқыту курсына негізінен ақылы ағылшын курстарына жазылуға мүмкіндігі жоқ, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылары балалардың қатысуына көбірек басымдылық беріледі. Оқу дәрістері аптасына екі рет рет жүргізіледі. Сондай-ақ, мешіт жамағаты арасынан ағылшын тілін оқып үйренемін деушілерге курс есіктері әрқашан ашық.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер