2019-03-12 (0) (458)
post

БАС МҮФТИ ТЕГІН ОҚУ ГРАНТЫН ТАБЫСТАДЫ


Көктемнің алғашқы жайма шуақ күндерінде Алматы қаласында игілігі мол іс-шара өтті. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттерімен кездесіп, дініміздегі әйел мәртебесі жайлы уағыз айтты.


Рухани кешке келген құрметті қонақтарға "Нұр-Мүбарак" университетінің ректоры, профессор Мухаммад әл-Жинди алғысын білдіріп, жиылған көпшілікке жүрек жарды лебізін жеткізді. Сондай-ақ Алматыдағы Мысыр мәдениеті мен білім ісі жөніндегі орталық директоры Ранда Махмуд Ризк ханым да әйел мәртебесі жайлы сөз өрбітті. Ал жиынның негізгі мақсаты көп балалы аналарға сый-құрмет көрсету.


Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың көпбалалы аналарға сыйлықтарды өз қолымен тарту етуі жиынның көркін аша түсті. Сондай-ақ, университетте білім алатын көп балалы отбасында тәрбиеленген 1 курс студенті Аяна Шораға Бас мүфти атындығы білім гранты табысталды. Бас мүфти атындағы грант 4 курс бойы төленеді. Алдағы уақытта университеттің үздік  студенттеріне осындай гранттарды көбейту жоспарланып отыр.


Аналар бір шаңырақтың ғана емес, тұтас елдің ұйытқысы. Егер ана бақытты болса, онда тұтас ел бақытты болады. Осыны ескеріп ақ жаулықты аналарға мейірім сыйлаған шара алда да өз жалғасын табары сөзсіз.





459 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !