13:40 | Құран уақыты
2019-02-19 (0) (320)
post

21 ЖАСҚА ТОЛМАҒАН АДАМДАРҒА АЛКОГОЛЬ САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ


Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі 21 жасқа толмаған азаматқа алкоголь өнімін сатпау туралы заңды күшіне енгізгелі жатыр.
«Интерфакстың» хабарлауы бойынша,   Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы  Вероника Скворцова:  «Біз бұл жобаны қолдауға және өз үлесімізді қосуға дайынбыз, енді тек федералды атқарушы билік органдарымен келісім жүргізуіміз керек», - деп атап өтті.
Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылдың күз айында ұсынған бұл ауқымды жоба аясында бірнеше шаралар атқарылып, сауалнамалар алынған. Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы 2018 жылдың қарашасында жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша алкогольді сату жасын 18 жастан 21 жасқа дейін көтеру идеясын Ресей тұрғындарының 78% -ы қолдаған екен.

321 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !