2019-02-08 (0) (383)
post

ИСЛАММЕН КҮРЕСІП ЖҮРГЕН ДЕПУТАТ МҰСЫЛМАНДЫҚТЫ ҚАБЫЛДАДЫ


Нидерланд парламентінің бұрынғы депутаты Йорам Ван Клэверен Ислам дінін түбегейлі жою мен оны ұстанушы мұсылмандарға қарсы күрес тобының белсенді мүшесі еді. Ол Ислам дінін қашан және қалай қабылдады?

Голландия БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 39 жастағы Ван Клэверен Ислам дінін өткен жылдың қазан айында қабылдаған.

Бір қызығы, саясаткер Ислам дінін жоққа шығару үшін зерттеу жүргізіп, оған қарсы кітап жазу барысында Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, бірден мұсылмандықты қабылдаған.

Бүгінде Ван Клэверен Алланың қалауымен Исламофобияға қарсы кітап жазып жатыр.

"Шынында, сондай иман келтірген және салихалы амал жасаушы пенделері үшін, рахмет егесі болған Алла (сүйікті құлдары мен періштелерінің жүрегіне) махаббат орнатады" ( "Мәриям" сүресі, 96-аят).

384 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !