2018-11-07 (0) (649)
post

«Нұр Мүбәрак» университеті мен «Асыл арна» телеарнасы ресми меморандумға қол қойды.


Қазақстандағы діни білім беретін бірден-бір оқу орны Нұр Мүбәрак университеті мен «Асыл арна» телеарнасы бұдан бұрын да тығыз байланыс орнатып, бірқатар бағдарламалар мен жобаларды бірлесе атқарып жүрген болатын. Міне, бүгін сол дәстүрдің заңды жалғасы ретінде «Нұр Мүбәрак» университеті мен «Асыл арна» телеарнасы өзара ықпалдасып жұмыс істеу туралы ресми меморандумға қол қойды.
Бұл келісімнің мақсаты - еліміздегі дін саласындағы тұрақтылықты нығайту, діни экстремизмнің алдын-алу және ел ынтымағын сақтау мақсатында бірігіп жұмыс істеуге талпыну.
Бұл келісімшарттың негізінде тараптар жыл сайын бағдарламалар жоспарын бірігіп жасап отыратын болып шешті және жиын соңында жиналған жұрт "Асыл арнаның" төл өнімі "Шатқал" көркем фильмін тамашалады.





650 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !