2018-11-05 (0) (1376)
post

3 МЕЗГІЛ ТЕГІН ТАМАҚТАНДЫРАТЫН АСХАНА АШЫЛДЫ


Алматы қаласындағы Сейфуллин даңғылы мен Радищев көшелерінің қиылысында бес күні бойы тегін тамақ беретін асхана ашылды. «Уақып» деген атауды иемденген бұл асхана 

күн сайын әлеуметтік тұрмысы төмен 100-120 адамды тегін тамақтандырады. 

Қазақстан Мұсылмандары діни бас­қар­масына қарасты Алматы қаласының Орта­лық мешіті және қолы ашық, қайырымды жандардың ұйытқы болуымен ашылған асхана жыл бойы тегін қызмет етуді жоспарлап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Оң қолың берген садақаны сол қолың білме­сін» дегендей, демеушілер өз аттарының құпия болғанын қалаған.

–  Орталық мешітке әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы нашар, жалғызбасты аналар, жетімдер, мүсәпірлер, тағдырдың тауқіметімен қиындық көріп жүрген жан­дар келіп тіркеліп, түрлі әлеуметтік көмек алып тұрады. Соның бәрі мешіттің жанын­дағы «Ықылас» қайырымдылық қорына тіркеледі. Міне, асханадан осындай жандар тамақтана алады. Күніне бір кірген адам екінші немесе үшінші рет тамақтануына болады, – дейді Орталық мешіттің наиб-имамы Ермек Көкірекбаев.

«Асхана қазіргі таңда 7-8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олар ай сайын өздеріне тиесілі еңбекақысын алады. Сондықтан әлеу­меттік көмекке мұқтаж таныс не көршілеріңіз болса, оларға осы мекенжайды айта жүрсеңіздер болады», – дейді Орталық мешіт қызметкерлері.




1377 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !