2018-08-20 (0) (954)
post

Алматы Орталық мешітінде “Мектепке жол” атты қайырымдылық шарасы өтті.


Бүгін Алматы Орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласы өкілдігінің тікелей қолдауымен "Мектепке жол" атты қайырымдылық шарасы өтті.   Жиынның мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы 1300 баланы жаңа оқу құралдарымен қамтамасыз ету болатын. Жас бүлдіршіндерге сыйға берілген мектеп сөмкесінің ішіне дәптер, қаламнан бастап сабаққа қажетті оқу құралдарының барлығы салынған. 
Қадірлі Құрбан айт мерекінің қарсаңында ұйымдастырылған бұл шарада оқушыларға мектепке керекті оқу құралдарынан бөлек "Құрбан айт құтты болсын" атты айттық сыйлық қорапшалар да үлестірілді. Болашақ жастарға осындай қолдау көрсету олардың білім алуға деген құштарлықтарын арттырары сөзсіз.
Алматы қаласының Орталық мешіті ұйымдастарған шарада оқушылар мен олардың ата-аналары мешіт ұжымы мен қайырымды жандарға алғыс айтып, өз ризашылықтарын білдірді.
Бүгінгі жас жеткіншек - ертеңгі ел тұтқасын ұстар азамат. Ендеше, еліміздің әр бүлдіршінінің заман талабын сай білімді, жан-жақты, қабілетті болып өсуіне қолдау білдіру - әр азаматтың міндеті екенін ескере отыр, осындай игі шараға бастамашы болған ел ағаларын көпшілки атынаны алғыс айтамыз.   Халқымыз қуатты, ел ертеңі болған балаларымыздың болашағы жарқын болсын! 






955 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !