20:50 | Бабалар сөзі – өсиет
2018-05-15 (0) (852)
post

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Асыл арна» телеарнасының басшылығын арнайы қабылдады.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Асыл арна» телеарнасының басшылығын арнайы қабылдады. Кездесу барысында Дін және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты Дін комитеті, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы және «Асыл арна» телеарнасы арасындағы үш жақты меморандум негізінде алдағы уақытта атқарылатын шаруалар мен тың идеялар, маңызды мәселелер талқыланды. «Келісіп пішкен тон келте болмайды». Сондықтан да «Асыл арна» мен мүфтият арасындағы алда атқарылатын халықаралық жобалардың да жай-жапсары сөз болып, өзара ақылдасылды. Бас мүфти елімізде тұңғыш рет өткен Еуразия мұсылман ғұламалары форумының да жан-жақты насихатталуына қосқан қомақты үлесі үшін арна басшылығына алғысын білдіріп, ұжым еңбегіне ерекше баға берді. Бұл елеулі еңбекке мүфтияттың «Асыл арнадағы» өкілі Нұржан Таласұлының да ат салысып жүргенін айта кеткеніміз жөн. Сөз соңында Бас мүфти «Асыл арнаның»жұмысына береке тілеп, ақ батасын берді.


853 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !