2017-06-19 (0) (14635)
post

«GOOGLE» КОМПАНИЯСЫ ҚҰБЫЛА БАҒЫТЫН КӨРСЕТЕТІН БАҒДАРЛАМА ШЫҒАРДЫ

Әлемге танымал «Google» компаниясы Рамазан айының құрметіне мұсылмандарға арнап құбыла бағытын көрсететін «Qibla Finder app» ұялы телефон  бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама арқылы енді кез келген мұсылман құлшылық қылу үшін құбыла бағытын жаңылмай әрі оңай таба алатын болады. «Google» компаниясы мамандарының айтуынша, соңғы бес жылда мұсылмандар тарапынан Google арқылы құбыла бағытын іздеушілердің саны күрт өскен екен. Олардың барлығы намаз оқу үшін құбыланы веб-сайттардан іздеген. «Біз осы іздеу жұмысын жеңілдету мақсатында мұсылмандарға арнап бағдарлама шығардық. Бұл бағдарлама арқылы GPS-тің көмегімен құбыла бағытын табу оңай болып отыр» деп жазылған компанияның ресми блогында.


kazislam.kz

14636 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !