2018-06-05 (0) (6380)

Қадір түніне байланысты жиі кездесетін жеті сұрақ

Қадір түніне байланысты жиі кездесетін жеті сұрақ

 

1.      Қадір түні қашан болады?

Жауап: Қадір түні Рамазан айының соңғы он түнінің бірі. Яғни, он түннің бірінде жасырылған. Ал жиырма жетінші түн - Қадір түні болуы ең ықтимал түн.


2.     Қадір түнінде міндетті түрде ұйықтамау керек пе?

Жауап: Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат - тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы, дұға-тілек жасап, адамдарды кешіріп, намаз оқып, садақа беріп, мешітке барғаныңыз абзал.


3.     Қадір түні қай уақыттан басталып, қай уақытқа дейін жалғасады?

Жауап: Ол күн батып, ауыз ашқан сəттен бастап, таң ататын уақытқа дейін жалғасады. 


4.     Қадір түні Қыдыр ата келе ме?

Жауап: Қадір түні де, басқа түні де Қыдыр ата келмейді. Ол - қате түсінік. Қадір түнін дұға, тілек, құлшылықпен өткізген адамға бір жыл бойы береке-бақыт, байлық, ырыс-несібе келеді.


5.     "Қадір" деген сөздің мағынасы қандай?

Жауап: Қадір деген сөз "қадірлі" деген жəне "өлшем", "тағдыр" деген мағыналарды береді. Ол сөздер бұл түннің аса қадірлі екенін жəне адамның бір жылдық тағдыры өлшеніп берілетін сəт екенін білдіреді.


6.     Қадір түні дастархан жайып, есік-терезелерді ашып қою керек пе?

Жауап: Қадір түнінің құрметіне дастархан жаю керек емес. «Үйге жақсылық кіреді» деп есік-терезелерді ашып қою да қате түсінік. Керісінше, Алла сіздің дұға жасап, намазға жығылып, кешірімді, мейірімді адамға айналғаныңызды қалайды. Бұл түні сізден өзгеріп, мүлде жақсы адамға айналғаныңызды күтеді. 


7.     Қадір түнгі ең жақсы амал қандай іс?

Жауап: Қадір түнгі ең жақсы амал - Құран оқу, аудармасын оқып, мағынасын түсінуге ұмтылу. Сосын намаз оқуата-ананы қуанту.

6380 рет оқылды