07:10 | Иман шуағы
07:50 | Жұма мүбәрак
2018-12-14 (0) (5917)

Тәуелсіздік береке – бірліктен басталады

Тәуелсіздік береке – бірліктен басталады

 

«Қазақ «Баланың тұңғышы – ыстық, кенжесі – тәтті» деп отырады. Бұл, әрине, ортаншысы қадірсіз деген сөз емес. Тұңғышты берекенің бастауы деп тану. Сондықтан, тұңғыштың қадірін білген қазақ үшін Тұңғыш Президентінің қадірін білу – заңдылық. Заңдылық деп отырғанымның себебі – тойлағалы отырған Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының өн бойында Елбасымыздың еңбегі өріліп тұр. Бұл – көзіміз көріп, көңіліміз қуанып отырған ақиқат». Ақын әрі қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабековпен болған сұхбатымызда Тұңғыш Президент күніне орай осындай лебізін білдірді.


 


Жас қазақ: Мұхамеджан мырзаәңгімемізді бірден кеше ғана аталып өткен Тұңғыш Президент күнінен бастасақ.

 


Мұхамеджан Тазабек: Білесіз бекөптеген филологтарментілшілермен сөйлесе келемынандай бір қызық мәліметке көз жеткіздімКөп елдердеяғни көп ұлттардың тілдік қолданысында «алғашқы», «бірінші» деген ұғым болғанымен, «тұңғыш» деген түсінік жоқ екенАл біздің ана тілімізде «тұңғыш» сөзінің мағынасы тереңБұл да қазақ халқы танымының қаншалықты қатпарлы екенінің көрінісіҚазақ «Баланың тұңғышы – ыстықкенжесі – тәтті» деп отырадыБұләринеортаншысы қадірсіз деген сөз емесТұңғышты берекенің бастауы деп тануСондықтантұңғыштың қадірін білген қазақ үшін Тұңғыш Президентінің қадірін білу – заңдылықЗаңдылық деп отырғанымның себебі – тойлағалы отырған Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының өн бойында Елбасымыздың еңбегі өріліп тұрБұл – көзіміз көріпкөңіліміз қуанып отырған ақиқатТұңғыш Президент күні мен үшін қатардағы мереке емесТәуелсіздігіміздің бір нышаны іспеттесБіз бірінші желтоқсанда Президентті ғана ұлықтап отырған жоқпызСол Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлын тарих сахнасына алып шыққан қазақ халқының ерлігін де салтанатты түрде сөз еттікЯғни біз – өз президентіөз арасынан шыққан лидері болуға лайық қауым екенбізКез келген мемлекеттің тарихына көз жүгіртсеңізтұңғыш басшысының орны ерекше боладыНегеӨйткеніәуелгі басшы тәуелсізжаңа мемлекеттің жүйесін жолға қоядымемлекеттіліктің бірінші қадамдарын жасайдыТұңғыш Президент – мемлекеттің тарихи биігінде тұратын құбылыс.


Жас қазақ: Алда – Тәуелсіздік мерекесіБиыл азаттығымыздың 25 жылдығыОсы мемлекетіміз үшін маңызды мерекені сіз қалай түсінесіз?

Мұхамеджан Тазабек: Азаттықтың шын қадірін тәуелсіздігінен айырылып қалғандар қатты түсінетін шығарҚұдай оны біздің басымызға салмасынТыныштықтыңтұтастықтыңегемендіктің қадірі дегеніміз – қолда барда қадірі жоқ қымбат қазыналарБұл құндылықтардың қадірін білу үшін біз әуелі бір-біріміздің қадірімізді білуіміз керекМемлекетазаттықбасшы деген асқақ ұғымдарБірақ пафос емесТәуелсіздік – көптеген ұлы құндылықтардың басын біріктіретін жиынтық образМәселенқазір ұлдың намысықыздың арын сөз қылужеке мәселе сияқты көремізЖоқол жеке мәселе емесбұл – қауымның берекесін кіргізетін немесе қадірін қашыратын құндылықтарҚыздың арын қорғай алған қоғам – барын қорғай аладыҰлдың ұятын сақтаған қоғам – қауымның ғұрпын сақтай аладыКөзге көп байқалмайтынбіз аса сезінбейтінбірақ осы ұлы құндылықтарды ұлық қылып ұстап тұратын бір ұйытқылар барОл – отбасылардың тату өмір сүруіӘрбір отбасының берекесі мен ынтымағы сақталатын болсасол жерден тұғыр алып шыққан перзент тәуелсіздіктің деелдіктің де қадірін біледі. «Өзі жарымағанның сарқытын ішпе» дейді қазақЕгемендіктің қадірін ұғу – қолыңа жалауша ұстап алыпкүліп-ойнап парадта жүру емесТәуелсіздіктің қадірін білу – тәуелсіз мемлекеттегі әрбір адамның қадірін білутуысыңның қадірінуақыттыңеңбектіңөмірдің қадірін білуБір-бірімізге шуағымызды шашыпбіреудің басына қайғы түссе бөлісугекөмектесуге атсалысып жүруіміз керекЖұртқа пайдалышарапатты адамдары көбейген елдің тәуелсіздігі баяндымемлекеті мығым боладыЖаһандану заманы келдіЕгер шекараңнан жау кірсесенің үйіңе жетем дегенше уақыт барАл ақпараттық шекараң бұзылсамиыңажүрегіңе бірден шабуыл жасайдыАл миы мен жүрегі жауланған адам мемлекетін дешекарасын даұл-қызын да қорғауға қабілетсізАбай айтпақшы, «Қолдағы малды алудың төте жолы – бастағы миға иелік қылу». Сондықтан тәуелсіздікті қорғау деген – Елбасымыз түнде ұйықтамайкүндіз қалғымай жүріп зор тәшпішпен бекітіп алған шекарамызбен қатармиымыз бен жүрегімізді қатерлі ақпараттануақытымызды алатын қажетсіз тірліктенотбасымыздың ынтымағын бұзатын ұрыс-керістен қорғау деп түсінуіміз керек.


 



 

Жас қазақ: Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылдыМемлекеттің дін үшін арнайы министрлік құруы – еліміздегі рухани ахуалдың шынында да шиеленісіп тұрғанын айғақтайтын тәріздіОсы пікірмен келісесіз бе?


Мұхамеджан Тазабек: Министрліктің құрылуы – дер кезінде қабылданған шешім болды деп ойлаймын. 25 жылда ішкі-сыртқысаяси-экономикалық жағдаймыз реттелдіТолық шегеленбеген осы дін саласы едіЕнді бұл олқылықтың да орны толдыТүсінгенгедін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мойнында үлкен жүк барАртар сенімкүтер үмітіміз көпАты айтып тұрғандайазаматтық қоғамбызМемлекетті құраушы ұлттан бөлектарихи себептермен елімізде тұрақтаған өзге ұлттарөзге дін өкілдері де барБіз – зайырлы мемлекетпізЗайырлы қоғам деген – атеистік қоғам емесОл – әлемнің алға жылжудағы бағыт-бағдарын ескеріпзаңдылықтарына бойұсына отырыпөз мемлекетіңнің құндылығына қызмет ету деген сөзЕлбасымыздың өзі айтқандайдін істері министрлігінің мойынға алған жауапкершілігі – зайырлы қоғамдағы рухани биік тұлғаларды даярлауоларға мүмкіншілік жасауқұқығын қорғауҚазіррасдіннің айналасында шиеленіскен мәселелер жоқ емесТеріс ағымдағы топтардың іс-әрекетінен берекеміз қашып жатқан аймақтар мен отбасылар барБірақ әлемдік деңгеймен салыстырғандабізде радикализм ушығып тұрған жоқДегенменүй сыртында кісі барЖамандық айтып келмейдіБұрын тек теледидардан көріп шошитын дүниелер бүгін өз елімізде орын алып жатырАқпарат жылдам тарайтыноқиғалар тез ауысып жатқануақыттың берекесі қашқан кезеңде өмір сүрудемізКез келген қатердің алдын алғанға не жетсін?! Дін істері министрлігі осы мәселелерге мемлекеттік тұрғыда атсалысады деп есептейміз.

 

Жас қазақ: «Асыл арна» контенті кейінгі жылдары отбасылық бағытқа көбірек ойысқанменислами арна ретінде қоғам қабылдап қойды. «Жаңа министрлікпенжаңа министрмен арақатынастарыңыз қалай боп жатыр?

 

Мұхамеджан Тазабек: Жаңа министрлік дін істері комитеті болып тұрған кезде де тығыз жұмыс жасап келе жатқанбызӨткен жылы дін істері комитеті және ҚМДБ-мен бірлесіп меморандумға қол қойыпкөптеген жұмыстар атқарылған болатынОсы бағытты министрлік болғанда да жалғастырудамызЖақында ғана министр Нұрлан Ермекбаевтың қабылдауында болыпбірнеше сағат «Асыл арнаның» жұмыстары және жоспарлары жайында ақылдастықОл кісінің орынбасарларымен декомитет төрағасы Ғалым Шойкинмен де кездесіпеліміздің діни ахуалы және «Асыл арнаның» дінді ақпараттық кеңістікке лайықты түрде насихаттауы жөнінде көп кеңестікӨздеріңіз білесіздер, «Асыл арна» діни бағдарламаларды толықтай Ержан қажы Малғажыұлы ағамыз басқаратын ҚМДБ-ның концепциясына сәйкес жүргізедіАл өзге де ағартушылық бағыттағы бағдарламалардыарнайы жобаларды аталған министрлікпен келісе-кеңесе отырып жүзеге асырадыАлдағы жылға да біраз жобаларымыз жоқ емесАлла сәтін сап жатсаэфирімізден көріп қаларсыздар.

 

Жас қазақ: Бүгінде қазақтың діни бірлігі өте маңыздыАғым-ағым болып бөлінбей ауызбіршілік таныту үшінқазақ мемлекетінің болашағы баянды болу үшін не істеуіміз керек деп ойлайсыз?

 

Мұхамеджан ТазабекДұрыс айтасыздіни бірлік өте маңыздыҚоғамдағы адамдардың нанымысенімі бірге болсақауым бөлінбейдіПайғамбар (с.ғ.сМеккеден Мәдинаға қоныс аударғандамұғажырлар мен аңсарлардың ортасында талас-тартыс болып қаладыСол кезде Алла елшісі (с.ғ.сшаруасының бәрін тастай салыполарды татуластыру үшін арнайы асығып барған екенНегеӨйткеніқауымның алауыздықта болуы – арты орны толмас өкінішке әкеліп соғатын қауіпКөрдіңіз бепайғамбарымыздың (с.ғ.сөзі қауымның бөлінбеуінауызбіршілікте болуын барынша қадағалағанЕндешесол ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.ссүннетін ұстанатын халық болғандықтанбіз де Сабыр ағамызша айтқанда, «әр қазақ менің жалғызым» деп сезініпбір-бірімізге мейірімменмахаббатпен қарым-қатынас жасауға тырысуымыз керекЖастық максимализммен жүрген албырттарға қолдан келгенше түсіндіруге тырысуымыз керекАл шектен шыққандарға мемлекет өзі шара қолданып жатырҚарапайым адамдардың қолынан келетіні – өзінің баласының рухани нәрді қайдан алып жатқанын қадағалапсырласыпой-пікірінен хабардар болып отыруы керекБіз жат ағымның жетегінде жүрген жандармен сөйлескен кезде мынаны аңғардықОлардың қате пікірде жүру себебі – алғашқы туындаған діни сұрақтарына дұрыс жауап ала алмаудан басталған екенСондықтанжас өскіннің бойында ертелі-кеш туындайтын сауалдарға жауап бере алуы үшін ата-аналардың шариғаттың негізгі шарттарын біле жүргені артық емесАл сауалдар тереңдей берер болсаҚМДБ-ның уағыз-насихатпәтуә бөлімдері барБізге шетелде отырыпҚазақстан туралы кесімді сөз айтатын интернет-шейхтар емесқазақтың ішкі дүниесінҚазақстанның қазіргі рухани жағдайын жақыннан білетін діни басқармадағы білікті имамдарымыздінтанушы тұлғаларымыз қымбатЖастар да осыны ұғына бастаған тәрізді.

 

Жас қазақ: Алдағы сенбіжексенбі күндері Алматыда жылдың қорытынды сайысы іспетті «Алтын домбыра» айтысы өтедіЕгер де әлі де айтыс сахнасында жүргеніңіздеқоғамдағы нендей мәселелерді осындай ірі айтыста ел алдында көтерер едіңіз?

 

Мұхамеджан ТазабекЖалпы айтыста көтеретін мәселе көп қойТек жас ақындарымыз газеттен оқып алған ақпаратымызды өлең қып құрап қайта өзімізге ұсынбаса екенАлла нәсіп етсеол айтысқа баруға ниеттімізҚаймағы бұзылмаған қазақ сөзінің салтанат құрғанын көргіміз келедіДу күлдіріпшатыр-пұтыр шапалақтың астында ғана қалып кететін емесел есінде ұзақ қалатын тіркестероймақтай ойларқанатты сөздер күтемін. «Ақынның құлағы өзінен қырық жыл бұрын туады» деген сөз барЯғни ақын көптің көңіліне қарап сөйлейтін адам емескөпті өзінің деңгейіне көтеруге тырысатын адам болуы керекАйтыс қазір өте жақсы дамып жатырМемлекет жеткілікті көңіл бөлудеӘсіресеЖүрсін Ерман ағамыздың еңбегі үлкенОл кісі айтысты мойнына жауапкершілік етіп алыптынымсыз еңбек етіпжас ақындарды тәрбиелепеліміздің түкпір-түкпірінде айтыс мектептерінің ашылуынаәр облыста айтыс өтуіне ықпал жасауда.

 

Жас қазақ: Айтыскер ақындар уақыт өте кележазба поэзияға ойысып жатадыСізде ондай ой жоқ па?

 

Мұхамеджан Тазабек: Ақындық – Алладан берілетін қасиет болғандықтанол ешқайда жоқ болып кетпейдіОл құдды бір құдықтың суы секілді кейде сарқыладыҮнемі ізденіпоқыпжазып отырмасаңол қасиет те әлсірейдіАйтыс сахнасына шықпасақ таөлең жазуға әрдайым құлықтымызҚағазқаламым әрдайым жанымдаАлла нәсіп қылсаболашақта өлеңтолғауларымызбен халық қауыша жатар.

 

Жас қазақ: Кейінгі уақыттары сіз жастармен кездесулеріңізде отбасы тақырыбын жиі көтеріп жүрсізӨзіңіз айтып жүрген қазақтың дәстүрлі отбасылық құндылықтарын өз жанұяңыздабалаларыңыздың тәрбиесінде қаншалықты қолданыпіске асырып жүрсіз?

 

Мұхамеджан Тазабек: Экономикалықғылыми жаңалықтарымен бізден әлдеқайда алда келе жатқан елдер отбасы құндылығы болмасабасқасының құны көк тиын екенін қазір айтып жатырАл қазақ басқа жағынан кенде қалып жатса даотбасына келгенде әлемде ешкімнің алдында ұялмайтын қауым едікБіздің ғұрпымызда ата-әженіңәке-ананыңұл-қыздың орны басқа халықтар таңқалатындай дәрежеде едіӨкінішке қарайсол нәрселерден айырылып жатырмызЖоғарыда айтқанымдайеліміздегі отбасыларымыздың ынтымағына сызат түсе бастасатәуелсіздігіміз үшін де алаңдай беруіміз керекӨйткені, «Отан – отбасынан басталады». Қазақстан бойынша үйленгендердің үштен бірі бір жыл ішінде ажырасады екенТіпті Алматы қаласы бойыншақұрылған екі отбасының біреуі ұзаққа жетпей шайқалғанҚауіпті цифрларБір жастықта басыбір дастарқанда нәсібі қосылған жандардың бір-бірінің қадірін білмеуі – ұлттық катастрофаАл жаны жарасып қосылған жұптар бір-бірінің қадірін білмесебиліктіңкөш бастаушылардың сөзін қадірлейді деп айта алмаймын.
Ал өз шамамның келгеніншеұл-қыздарымды қазақша сөйлетіпбос уақытын мағыналы нәрселерге арнауғамейірімді әке болуға тырысамынМұны сол жастармен кездесулерде үнемі айтып та жүрмін.

 

Жас қазақ: Биылғы жыл сіз үшін несімен есте қалдыКелер жылдан не күтесіз?

 

Мұхамеджан Тазабек: Әр жылдың береріәр уақыттың өрнегі барБиыл қызмет етіп жүрген рухани салам үшін жауапкершілікке толы жыл болдыАқтөбедеАлматыда болған қайғылы жағдайлар – жастар тәрбиесіне бұрынғыдан да зор жауапкершілікпен қарауымыз керектігін ұғындырдыӘлемдік үрдістерге қарап отырыпрухани азғындағанымызды көрдікТарихтан білетініміздейбұрын қандыәскери соғыстар болатынҚазір соғыс тәсілі өзгергендейҚазір рухани соғыс жүріп жатқан сияқтыАзғындықтың адам айтқысыз деңгейде көбеюі мені осындай ойларға жетелейді
Ал келесі жылданәлбеттежақсылық күтемізАтақбилікақша үшін шоқпар сілтесіп жатқан идеологиялық майданды өзіңіз де көріп отырсызӨмірге анамыздың құрсағынан жалаңаш келдікқабірге де жалаңаш кетеміз ғойАтағынақшасын арғы дүниеге арқалап кеткен ешкім жоқ екенін білсек тебір-бірімізді біліп-білмей ренжітіп жатамызОсы екі жалаңаштың арасында көп жақсылық жасап қалуға тырыссақ екен


Сұхбаттасқан
 Зарина Ахметқызы

http://jasqazaq.kz/2016/12/05/t-uelsizdik-bereke-birlikten-bastalady

 



 

 

 

5917 рет оқылды