25.06.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Дем салу: ауырғанда оқылатын аяттар мен дұғалар

69350 рет оқылған
image 1

 

Адам өмірінде ауыртпашылық, сынақ және бәле-жала болмай тұрмайды. Бұл жайттар адамды тығырыққа тіреуі мүмкін. Бірақ, біз келген мәселенің шешімін, барлық сұрақтың жауабын Құраннан табуға болатындығын ұмытпауымыз керек. Алла Тағала Құранда: «Біз сендерді аздаған қауіп-қатермен, аштықпен және мал-мүліктеріңнен, (жақын) жандарыңнан, өнімдеріңнен айыру арқылы сынаймыз...» («Бақара» сүресі, 155-аят), «...Оларға ашаршылық және ауру-науқас келді...» дейді («Бақара» сүресі, 214-аят).

Құран – жанға дауа, дертке шипа. Белгілі бір техника бұзылса, оның нұсқама қағазына көз жүгіртеміз емес пе, сол секілді адам ауырса оның «нұсқамасы» болған Құранға жүгінеміз: «Құраннан мүміндерге шипа және рақым түсіреміз...» («Исра» сүресі, 82-аят). Олай болса, ауруға шипа болатын Құран сүрелері мен Алланың Елшісі үйреткен дұғалармен таныссақ...

Әрбір дерттің дауасы бар

Пайғамбарымыз  «Әрбір дерттің дауасы бар. Егер дерттің дауасы дөп түссе, (науқас) Алла Тағаланың рұқсатымен сауығады», – деп айтқан (Бұхари, Муслим). Яғни, Алла жаратқан әрбір сырқаттың шипасы бар. Және дауа беруші де – әш-Шәфи болған Алла Тағала. Құрандағы: «Ауырсам, Ол (Алла) маған шипа береді» («Шұғара» сүресі, 80-аят) деген аятты да еске түсірейік.

Хадисте аурудан емделудің мустахабтығына сілтеме келген. Алдыңғы буын өкілдерінің көпшілігі және кейінгі буын өкілдері түгелдей осы пікірді ұстанған. Ән-Нәуәуи жазылмайтын науқастардың көп екендігі жайлы мәселеге қатысты Гиппократтың «мұндай жағдай емдеу жүйесін немесе емдік дәріні дұрыс таңдамаған дәрігердің қателігі себепті орын алады» деген сөзін келтірген.

 

Дем салуда Аллаға серік қосу күнәсі әрі шариғатқа қайшы нәрсе болмауы шарт

 

Ауф ибн Мәлик әл-Ашжағиден (оған Алла разы болсын). Ол: «Біз жәһилият кезінде дем салатын едік. Содан(бірде): «Уа, Алла Елшісі! Сенің бұған қатысты ойың қалай?» – деп (сұрадық). Сонда (Пайғамбар )«Маған қалай дем салатындарыңды көрсетіңдерші. Дем салуда ширк болмаса, оның оқасы жоқ», – деп айтты», – деген ( Муслим).

Сонымен қатар, шипа аяттары мен дұғаларын оқудың шарттары бар:

1.     Алла Тағаланың сөзі және оның есімдері мен сипаттары қолданылуы қажет;

2.     Араб тілінде болғаны дұрыс және оқып жатқан адам оның мағынасын білгені абзал.

3.     Шипаны бір Алланың беретіндігіне, ал аяттардың тек себеп қана екендігін жүрекке бекіту керек.

 

Дұға оқу арқылы дем салу

Әнас (оған Алла разы болсын) бірде ол Сәбиттен (оған Алла разы болсын):     «Саған Алла Елшісінің (ауырған адамға) оқитын дұғасын оқиын ба?», - деп сұрады. Ол: «Әрине», - деді, Сонда Әнас: «Я, Алла, адамдардың Раббысы,  кеселдерді кетіруші, сауықтыр! Сен – Шипагерсің, Сенің шипаңнан басқа, шипа жоқ, бұдан кейін ауру қалмайтындай сауықтыр!» /Аллаһумма, Раббаннаси, музхибаль-баъси, шфи Анташ-Шафи, лә шафийа иллә Анта шафиъан лй йуғадиру сакаман!/- деді (Бұхари).

Үйде «Бақара» сүресін оқу

Пайғамбар : «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, ал «Бақара» сүресі оқылатын үйге шайтан кірмейді» деген. (Ахмад, Муслим). Сондай-ақ, Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын) айтады: «Кімде-кім түнде «Бақара» сүресінен он аят оқыса, ол үйге шайтан кірмейді: басындағы төрт аят, Аятул-Күрсі, оған дейінгі екі аят және соңғы үш аят».

Тағы бір хадисте: «Кім «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын түнде оқыса, оған жеткілікті». (Бұхари). Яғни, барлық жамандықтан сақтауға жеткілікті делінген. Басқа ғалымдар «Шайтанның жамандығынан сақтауға жеткілікті», «Адамдар мен жындардың жамандығынан сақтайды» деп тәпсірлеген.

Саусақтың ұшын пайдаланып дем салу

Яғни, дұға оқып отырып, науқастың ауырған жеріне топырақ жағу арқылы дем салу.  Айша анамыздан (оған Алла разы болсын)  жеткен хадисте: Пайғамбар әдетте науқасқа: «Бисмилләһ! Турбәту ардина, бириқати баъдина, йушфа сақимунә, би-изни Роббина (Аллаһтың есімімен! Біздің топырағымыз біреуіміздің түкірігімізбен, науқасымызға Раббымыздың рұқсатымен шипа болады!)» деп айтатыныны жеткізілген. (Бұхари).  Яғни Пайғамбарымыз бұл сөздерді айта отырып, сұқ саусағын түкіріктеп, топыраққа тигізіп, пайда болған лай топырақты ауырған жерге жағатын болған. 

Ауырған жерді қолмен уқалап отырып дем салу

Айша (оған Алла разы болсын):  «Алла Елшісі  өзінің жанұясында сырқаттанған адамның көңілін сұрап, ауырған жерін оң қолымен уқалап отырып: «Я, адамдардың  Раббысы Алла сен – Шипа Берушісің, Сенен басқа жазылмайтын аурудан Айықтырушы жоқ, оның қайғысын кетіріп, шипа бер» деп айтатын»- деген. /Азхибил-баъса, Раббаннаси, шфи уа Анташ-Шафи, лә шифаъа шифъука шифаъан лә йуғадиру сакаман!/ (Бұхари, Муслим).

 

Суға дем салу

 

Науқас адам өзі  жоғарыда көрсетілген  Құран аяттарын суға оқып, түкірігін шашыратпай сүфілейді. Кейін судың біразын ішіп қалған бөлігімен денесін ысқылайды. Әбу Дәуіт хасан иснадпен жеткізген хадисте Пайғамбарымыздың    Сабит Ибн Қайс деген сахабаға суға дем салып үстіне құйғандығы айтылған.

Сондай-ақ дәл осы аяттар мен дұғаларды  «зәйтүн майына» оқып назарланған адамның денесін сүртсе немесе  «зәм-зәм» суына дем салып науқасқа ішкізсе де  болады.    Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  «Зәм зәм суы қандай мақсатта ішсең, сол мақсатта пайдалы» - деген.  (сенімді иснадпен имам Ахмад, Байһақи жеткізген) Ал Ибн Аббастан жеткен келесі  хадисте  Алла Елшісі  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  «Зәмзәм – тойымды тамақ әрі ауруға шипа» деген. (әл-Батрани, ибн Хиббан жеткізген. Әл-Мунзири хадистің иснады сенімді деген).

Адамның өз-өзіне дем салуы

Науқасқа дем салудың келесі түрі – Құран аяттарын және шипа дұғаларын оқу барысында науқас ауырған жерге қолын қойып отырады немесе алақанымен уқалайды. Осман ибн аби әл-Ас бір күні Пайғамбарға «Я, Алланың Елшісі менің ауыруым қатты үдегені соншалық мен өліп кететін сияқтымын»- дегенде,  Алла Елшісі  «Ауырған жеріңе қолыңды қой да жеті рет: «Мені мазалаған жамандықтың кесірінен  Алланың Құдыреті мен Күшіне сыйынамын» -деп айт» -дегенін келтірген. /Аъуза би-ъиззати-Лаһи уа қудратиһи мин шарри ма аджиду уа ухазиру!/, - деді. Муслим.

Аурудың көңілін сұрап барған кезде шипа сұрап дұға ету

Ибн Аббас ( әкесі екеуіне Алла разы болсын) Алла Елшісінің былай деп айтқанын жеткізді: «Егер кімде-кім  ажалы келмеген аурудың көңілін сұрап барып жеті рет: «Ұлы Күрсінің Раббысы, Ұлы Алладан сені сауықтыруды сұраймын!» /Асъалю-Ллаһа-ль-Ъзыма, Раббал-ършиль-ъзыма, ан йашфийа-кя!/ («Мұсылман қорғаны» кітабінің №147 дұғасында келтірілген – аударушыдан), - десе, Алла оны әлбетте кеселінен айықтырды(Әбу Дәуд).

     Ибн Аббас (әкесі екеуіне Алла разы болсын) айтады:   Бірде Алла Елшісі ауырып қалған бәдәуидің көңілін сұрап барды, ал ауырған адамға барғанда әдетте Пайғамбар: “Қапаланба, Алла қаласа, бұл кесел сені тазартады” /Ля баъса, тахурун ин шаъаЛлаһу/, - дейтін. (Бұхари).

Жебірейілдің Пайғамбарға дем салуы

     Әбу Саъид аль-Худри (оған Алла разы болсын) былай дейді: Бірде Пайғамбарға Жебірейіл (періште) келді де: «Я, Мұхаммед, сен ауруыңа шағымданасың ба?», - деп сұрады, ол: «Иә?», - деп жауап берді. Сонда Жебірейіл былай деді: «Саған барлық ауыртпашылықтарды туғызушыдан, кез келген адамның зұлымдығынан және жаман көзден сен үшін Алланың атымен сыйынамын! Алланың сені сауықтыруы үшін, Алланың атымен сыйынамын!» /Бисми-Ллаһи арқи-кә мин кулли шаййъин йуъзука, мин шарри кулли нафсин ау ъайни хасидин! Аллуһу йашфикә, бисми-Ллаһи арқи-кә!/ (Муслим).

Көз тиюге қарсы дем салу

 Айша (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі   маған көз тиюге қарсы дем салдыруымды бұйыратын», – деп айтқан (Муслим).

 

Жәбир ибн Абдуллаһтан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Алла Елшісі  Хазмның отбасына жылан(шаққанға) қарсы дем салуға рұқсат етті. Сондай-ақ ол (бірде) Әсмә бинт Ғұмайстен: «Неге мен бауырымның балаларының денелері арық екенін көремін, олар ауырып жүр ме?» – деп (сұрады). Ол: «Жоқ, бірақ оларға көз тиіп жүр», – деді. (Сонда Пайғамбар ) «Оларға дем салдыр», – деді», – деп айтқан. Мұнда Пайғамбарымыздың көкесінің ұлы Жағфар ибн Әбу Талибтің (оған Алла разы болсын) балалары туралы айтқан.

 

(Әсмә бинт Ғұмайс): «Мен (балаларымды Пайғамбарға () көрсеткен едім, ол: «Бұларға дем салдыр», – деп айтты», – деген ( Муслим).

 

Пайғамбардың () жұбайы Умму Сәләмәдан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі () әйелі Умму Сәләмәның үйінде бір қыздың бетінен теңбіл дақ көріп: «Бұған көз тиіпті, дем салдырыңдар», – деген. Яғни ол (қыздың) бетінде сарғыш реңк бар еді (Муслим).

Жындарға қарсы оқылатын сүре

     Әбу Саид әл-Худри (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың адамдар мен жындардың кесірінен Аллаға сыйынатын. Кейіннен Аллаға сыйынып, қорғау тілейтін сүрелер түсіріледі де, ол қалған дұғаларды қалдырып, осы сүрелерді айтатын болғанын жеткізеді. (Тирмизи).

Әбу Мусадан (оған Алла разы болсын): «Сен бүгінгі түнде түскен аяттардай аяттардың болмағанын, көрмей тұрсың ба? Бұлар – “Қул ағузу бир-Робил фалақ…” және “Қул ағузу бир-Робин-нас…”(«Фалақ» және «Нас сүрелері) (Муслим).

Ер адамның өз отбасына ауырған кездерінде дем салуы

 

Айшадан (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі  біреуіміз ауырсақ, оны оң қолымен сипап: «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер)», – деп айтатын.

 

 Аллаһ Елшісі  науқастанып, жағдайы ауырлаған кезде, өзі жасайтынды жасау үшін оның қолынан ұстадым. Сонда ол қолын менің қолымнан тартып алып: «Уа, Алла! Мені кешір және мені ең жоғарғы серікпен бірге ет», – деді. Мен оған қарай бастадым, сөйтсем, ол үзіліп кеткен екен». (Муслим). Әл-Жауһари мұның Жәннат екенін айтқан. Бұл Әбу Исхақтың: «ең жоғарғы серік – Жәннат» деген хабарымен нақтыланады (қ.: «Фатх әл-Бәри»).

 

Айшадан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), бийәдикәш-шифә(у), лә кәшифә ләһу иллә Әнт(ә) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ)» (деген) сөзбен дем салатын ( Муслим).

Қонаққа барғанда не далада қонғанда жындардың әрі улы жәндіктердің кесірінен сақтау үшін мына дұғаны оқуы керек

 

Хаула бинт Хаким әс-Суләмия (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісінің «Кімде-кім бір орынға түскенде: «Аъузу бикәлимәтилләһит-тәммәти мин шәрри мә халақ(а) (Аллаһтың жаратқандарының кесірінен Оның толық сөздерімен пана сұраймын)» десе, оған сол орнынан кеткеніне дейін ештеңе зиян тигізбейді», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим).

Құран мен сүннеттегі кеселдерді емдеуге байланысты дұғалар мен аяттардан бөлек басқа да  шаралар бар

Әжуа құрмасының сиқырға емі

 

Сағд ибн Әбу Уаққастан (оған Алла разы болсын) : «Алла Елшісінің «Кімде-кім әр күн сайын таңертең кептірілген әжуа құрмасының жетеуін жесе, сол күні оған у да, сиқыр да зиян тигізе алмайды», – деп айтқанын естідім», – деген ( Муслим).

Айшадан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі «Ақиқатында, әл-Алияның ажуасында шипа бар әрі ол таңның бастапқы кезеңінде (жесе) уға қарсы ем болады», – деп айтқан  (Муслим).

Азан айту

Пайғамбарымыз : «Намазға шақырылғанда шайтан азан біткенше ішек желін шығарып қашады. Азан аяқталғанда қайта келеді, намаз оқылғанда тағы қашады, біткенде қайта келеді» деген (Бұхари).

Сырқаттанған, сиқырланған не көз тиген адамға оқылатын шипа аяттары (РУҚИИЯ):

Науқасқа Құрандағы  «Фатиха» сүресін жеті рет,   «Бақара» сүресінің алғашқы бес аятын, «Аятүл күрсі» аятын,  «Ықылас», «Фәләқ»,  «Нас» сүрелерін үш реттен,  және  т.б руқиия, яғни дем салуда пайдаланылатын шипа аяттарын, сондай-ақ шипа дұғаларын оқып, аз ғана түкірік араластырып сүфілеу керек. Бұл рәсімді «дем салу» деп атайды.   Алла Тағала Құранда: «Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз...» деген. («Исра» сүресі 82-аят). Сонымен қасиетті Құрандағы руқиия аяттары төмендегідей:

1.     «Фатиха» сүресі;

2.     «Бақара» сүресі, 1-5 аяттары;

3.     «Бақара» сүресі, 163-165 аяттары;

4.     «Аятул-Курсі» («Бақара» сүресі, 257-аяты);

5.     «Бақара» сүресі, 284-286-аяттары;

6.     «Әли Имран» сүресі, 1-5 –аяттары;

7.     «Әли Имран» сүресі, 18-аяты;

8.     «Әли Имран» сүресі, 26, 27-аяттары;

9.     «Аъраф» сүресі, 54, 55, 56-аяттары;

10.                        «Аъраф» сүресі,  117, 118, 119-аяттары;

11.                        «Юнус» сүресі,  79, 80, 81, 82 –аяттары;

12.                        «Та һа» сүресі,  65, 66, 67, 68, 69-аяттары;

13.                        «Му’минун» сүресі,  115, 116, 117, 118-аяттары;

14.                        «Хашр» сүресі,  21, 22, 23, 24-аяттары;

15.                        «Саффат» сүресі, 1-5-аяттары;

16.                        «Рахман» сүресі,  31, 32, 33, 34-аяттары;

17.                        «Мүлк» сүресі,  3, 4-аяттары;

18.                        «Қалам» сүресі, 51, 52-аяттары;

19.                        «Жын» сүресі,  3-аят

20.                        «Кәфирун» сүресі;

21.                        «Ықылас» сүресі;

22.                        «Фәлақ» сүресі;

23.                        «Нас» сүресі .


www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




1—10 нәрсе, барлығы 24.
Аты-жөні: Магжан
Дата: 30.05.2016 00:25

Пікір:
Алла разы болсын сиздерге!


Аты-жөні: Арай
Дата: 4.06.2016 15:10

Пікір:
Насихат болар роликтер болса егер.


Аты-жөні: нурлан
Дата: 12.07.2016 14:27

Пікір:
намазды калай уйренуге боламдым


Аты-жөні: жанболат орымба
Дата: 23.07.2016 12:46

Пікір:
Алла разы болсын!!!


Аты-жөні: жан дауренбеков
Дата: 23.07.2016 12:49

Пікір:
Алла разы болсын!!!


Аты-жөні: Алмагул
Дата: 23.07.2016 21:00

Пікір:
Осындай жаксы макалалар коп болса гой


Аты-жөні: Акнур
Дата: 14.08.2016 00:32

Пікір:
Сəлеметсіздерме жоғарыда айтылган сурелермен дұгаларды ем ушін балаларыма өзім телефон аркылы оқысам боладыма рахмет


Аты-жөні: Жадыра
Дата: 16.08.2016 14:26

Пікір:
Ассаляму алейкум! Осы аят-дұғаларды арабшасымен бірге шығарсаңыз нұр үстіне нұр болар еді...


Аты-жөні: Дархан Нургали
Дата: 21.08.2016 16:16

Пікір:
АЛЛА разы болсын мусылман бауырлар)


Аты-жөні: Галсан Акерке
Дата: 2.09.2016 04:28

Пікір:
Құранкəрімді оқу үшін араб тілін қайдан үйренуге болады??? Сүрелердің Асыл арнада түңгі уақытта оқылатын бейнероликтерін соткаға көшіріп алатын жолдарын айтыңыздаршы өтініш??? Аллаһ разы болсын сіздерге!!!





Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.

Мақалалар

.