17.01.2018
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Кедей бес түрлі садақа береді

16113 рет оқылған
image 1

 

Бір күні жоқшылықтан жадап-жүдеген бір кедей көпті көрген дана қартты жолықтырып:

-                    Айтыңызшы, мен неге осындай кедей болып туылдым екен? – деп налиды.

Данышпан оған:

-                    Себебі, сен адамдарға жомарттық танытпайсың, өте сараңсың, - деп жауап береді.

Бұл жауапқа таң қалған кедей:

-                    Қолымда беретін ештеңем жоқ, тапқаным өзімнен артылмаса, қалай жомарттық танытамын? – дейді. Сонда қария:

-                    Негізі сенің адамдарға жақсылық жасауға мүмкіндік беретін 5 қабілетің бар. Сол мүмкіндіктеріңді оятып, жүзеге асырғаныңда бұлай демес едің, - дейді.

Таң қалған кедей оның қандай қабілет екенін сұрайды. Сонда данышпан:

Біріншіден, өзгелерге жымиып қара, күлімдеп жүр. Алла қаласа, осы арқылы да садақа жасап, сауапқа кенелуіңе мүмкіндік бар;

Екіншіден, айналаңа мейірленіп қара. Олар сенің көзіңнен тек жанашырлық пен жақсылық көретін болсын;

Үшіншіден, сен мылқау емессің, сөйлей аласың. Ендеше, адамдардан жақсы сөзіңді аяма;

Төртіншіден, жүрегің тоқтаусыз соғып тұр. Ендеше, бар ықыласыңмен, жан-тәніңмен беріліп тұрып басқаларға жақсылық тіле. Олардың өмірінің берекелі, тұрмыстарының шырайлы болуы үшін дұға жаса;

Бесінші, аяқ-қолың сау. Ендеше, денсаулығыңды пайдаланып, жұртқа пайдалы істерді атқар. Көмектес, - дейді.

 

Қарттың бұл әңгімесі кедейді қатты ойландырады. Иә, адамды бай қылатын - дүние-мүлкі мен ақшасы емес, қардай аппақ пейілі мен адал, аппақ көңілі! 

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




1—5 нәрсе, барлығы 5.
Аты-жөні: Gauhar
Дата: 16.12.2017 20:30

Пікір:
Өте керемет екен


Аты-жөні: Нурила Турсынов
Дата: 17.12.2017 08:32

Пікір:
Омирден сабак аларлыктай окига екен. Оте кызыкты бул касиет озиннен табылса калар деген ойдамын.Солай болады да осы кагиданы булжытпай орындаймын


Аты-жөні: Arman
Дата: 17.12.2017 15:39

Пікір:
19.20 шы ғасырларда болган болар жанашырлык адамгершік,адамдарга шын конілмен комектескеннін кадірін блетін жандар.казирги заманда адамдардын 80% малга жакын.жаксылык жасайсын кадірінди блмит умытып кетед.керек кезинде блет кадрінди.сол ушин бундай создерге сенбе.кедеисінбе ерінбе енбек ед айанбай блды


Аты-жөні: Жазира
Дата: 21.12.2017 16:30

Пікір:
Арман сіз қателесесіз. Күшпен ешкімді жеңбейсіз. Сіз бірінші өзіңізден бастаңыз. Өзіңіз сол қабілеттеріңізді оятыңыз сонда сізге тек өзіңіз сияқты жақсы адамдар кездеседі. Ал түсінігі сізбен сəйкес келмейтін адамдарды өмір өзі жаныңызға жолатпайды.


Аты-жөні: жазира
Дата: 12.01.2018 14:43

Пікір:
Қазіргі заманның адамдары жылы көзбен қарамақ тугіл жөн сұрасаң жауапта бергілері келмеиді





Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.