23.10.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан
05:5707:1312:4016:1618:0019:16

ЕЛЕУСІЗ ҚАЛҒАН ЕСІМ

1499 рет оқылған
image 1

Ол – қазақ тілінде тұңғыш тарихи шығарма жазған адам. Оның есімі мен шығармасы тарихи әдебиеттерде осы күнге дейін түрліше жазылып келген. Мәселен, оның атын бірде Қадырғали бек Хошимұлы десе, бірде өзінің шыққан руының атымен Жалайыри немесе жалайырлық деп атаған. Сол сияқты оның еңбегі де бірде «Жами-ат-тауарих» немесе «Жылнамалар жинағы» деп әртүрлі аталып жүр. Қадырғали Қосынұлы Жалайыридың тарихи еңбегінің ғылыми жұртшылыққа белгілі болғанына бір ғасырдан астам уақыт өтті. Бірақ оқушылардың  көпшілігі күні бүгінге дейін қазақ тіліндегі тұңғыш тарихи шығарма, жазба ескерткішті қалдырған адамның кім екенін, оның еңбегінің халкымыздың мәдени тарихынан алатын орнын жете білмей келді.

Қадырғали кім?

Қадырғали Жалайыри хан ордасының қағазын жазып, жас сұлтандарға тәлім-тәрбие беру ісін басқарып, ханның қарашысы (ақылшысы, кеңесшісі) ретінде іс атқарған адам. Ол өзінің «Жылнамалар жинағында»: «Менің аталарым Ораз-Мұхаммед сұлтанның аталарына қызмет етті. Мен өзім Ораз-Мұхаммедтің атасы Ондан сұлтанға қызмет еттім, одан соң Ораз-Мұхаммедтің қасында болдым» - деп жазады.

«Жылнамалар жинағында» не жазылған?

Қадырғали Қосынұлы Жалайыридың «Жылнамалар жинағы» атты тарихи еңбегі 157 бетке, қытай қағазына ұқыптылықпен жазылған. Бұл тарихи еңбекте қазақ хандарының саяси-әлеуметтiк жағдайы туралы көптеген мағлұмат бар. Қазақ елiндегi рулық қатынастың қаншама дамығандығы байқалады. Ханның төңiрегiндегi сұлтандар мен қарашылар, бектер, мырзалар, данышпандар мен хафиздер сияқты түрлi әлеуметтiк топтарға тоқталады. Ертеден келе жатқан бiрнеше қазақ руларының тарихын баяндайды.

Қадырғали хан  қазақтың бай тілін жақсы меңгерген. Көрген-білгенін шеберлікпен суреттей білген, жақсы сауатты жазушы болған. Сондықтан бұл еңбек – тек тарихи мұра ғана емес, сонымен бірге бағалы әдеби шығарма. Кітапта көптеген жер-су аттары, адам аттары, түрлі мақал-мәтелдер көп кездеседі. Мәселен, «Ойда – орыс, қырда – татар, барша ұлысын бақтырған хан», «Ғаділ келіп, залым кетер белгісі, кеше кетіп, күндіз болар, бұлт арасынан күннің көзі көрінер».

 

Қазақ халқының қадiрмендi ұлы Қадырғали Қосынұлы Жалайыридың өмiрi, ол жасаған дәуiр және оның қаламынан туған қазақ тiлiндегi тарихи еңбектiң қысқаша мазмұны осындай. Тарихи тұрғыдан алғанда, Қадырғали Қосынұлының еңбегiнiң мәнi зор.

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




Нәтижелері жоқ.



Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.