20.11.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Қажылықтың сіз білмейтін 5 сыры

835 рет оқылған
image 1

 

Асылында, Ислам парыздарының әрқайсысы мұсылман иманына, ақылына, қалау-еркіне белгілі бір дәрежеде сынақ болып табылады. Сол секілді қажылықтың да сынақты қырлары, өзіндік сырлары, құндылықтары, жеке бас пен жалпыға бірдей пайда келтіретін хикметті тұстары өте көп.


Бірінші – Аллаға құлдықты көрсете білу


Адамның кемелдігі Құдайға құл екендігін мойындаумен және оны көрсете білумен анықталады. Тіпті
, құл екендігін нығыздап, мойындауын күшейткен сайын кемелдігі еселене түседі, дәрежесі арта түседі. Қажылықта осы сипат ерекше айқындалады. Себебі, қажылықта пенде дүние ләззаттарын артқа тастап, Раббысына қарай сапар шегеді. Ол үшін барлық киімін шешіп, екі жапырақ ақ матаға оранған күйі отанын, жанұясын, мал-дүниесін қалдырады. Жаратушысының разылығын қалап, жайшылықта рұқсат етілген қаншама адалдардан саналы түрде бас тартады. Ихрамдағы жағдай нәпсісіне жақпаса да, сабыр етіп, шүкірлігін арттырады. Тәубе етіп, зікірін көбейтіп, бір мекеннен екінші мекенге ауысып отырады. Жүрегі елжіреп, жанарына жас толған құл Раббысының мейірімінен үміт етіп, азабынан қорқа түседі. Сосын қажы Ихрам халіне кіріп, Жамаратқа тас ататын уақытқа дейін: «Ләббәйкә Аллаһумма ләббәйк, ләббәйкә лә шәрикә ләкә ләббәйк ...», яғни, «Құзырыңа келдім! Раббым сенің құзырыңа келдім! Сенің құзырыңа келдім, Сенің ешбір серігің жоқ. Сенің құзырыңа келдім! – деген сөздерді үздіксіз қайталаумен болады. Бұл оның Раббысына бойұсынғанын, әміріне көнгенін, жан-тәнімен берілгенін, бағынған күйде не жүктесе де көтеруге дайын екенін білдіреді. Толықтыра айтсақ, Тәлбия сөздері адамның өз бойындағы мақтаныштары мен иелігіндегі бар мүлкінен ажырап Раббысының құзырына толық өткенін сездіреді.

Міне, тап осылай Алла алдында «қорлану» мен «төмендеу» – Раббымыздың құзырында үлкен орынға ие. Құлдың сұлулығы мен кемелденуі деген осы! Құлдықты шынайы көрсете білу де аталған әрекеттермен толықтырылады. Нәтижесінде, құлдан күнәнің әсерлері мен қараңғылығы кетеді. Жақсылық толған жаңа өмірге қадам басады. Бақыт құшағына енеді. 


Екінші – Алланы зікір ету


Бұл – құлшылықтардың екінші ұлы мақсаты. Зікір қажылық барысында анық көрініс табады. Қағбаға тәуап ету, Сафа мен Мәруа арасында жүру, Жамаратқа тас ату – тек Алланы зікір ету үшін ғана міндеттелген.

Алла Тағала Құранда: «Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ, белгілі күндерде Алланың атын еске алсын...», - деген. («Хаж» сүресі, 28-ші аят)».

Келесі бір аятта: «Сендерге Раббыларыңның кеңшілігін іздеулеріңнің (кәсіп істеулеріңнің) оқасы жоқ. Қашан Арафаттан қайтсаңдар, Машғарул харамның қасында, Алланы еске алыңдар. Сондай-ақ Оны, сендерге нұсқағанындай еске алыңдар. Сендер бұрын азғындардан едіңдер (бұрын Құрайыштар дандайсып, Арафатқа бармай Муздалифадан қайтатын және Минада ата-бабаларын мақтайтын еді). (198). Содан кейін, ел қайтқан жерден қайтыңдар да, Алладан жарылқау тілеңдер. Күдіксіз, Алла өте Жарылқаушы, ерекше Мейірімді. (199). Қашан қажылық амалдарыңды өтесеңдер, (Минада) Алланы ата-бабаларыңды зікір еткендей, тіпті одан да артық зікір етіңдер...» делінген. («Бақара» сүресі, 198-200 – ші аяттар).


Үшінші – күнәлардың кешірілуі

 

Қажылық пенденің дәрежесін көтеріп, оған дейінгі ірілі-ұсақты барлық күнәларын жояды. Амр ибн Ас (оған Алла разы болсын) Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ислам қабылдауыммен күнәларымның кешірілетіндігіне кепілдік бересіз бе?», - деп сұрағанда: «Исламның (адамның Исламды қабылдауы) оған дейінгіні жоятынын, һижраның (Алла үшін көшу) оған дейінгіні жоятынын, қажылықтың оған дейінгіні жоятынын білмедің бе?!», - деген болатын. (Муслим).

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы да: «Умра умраға дейінгі аралықтағы күнәларды жояды. Ал қабыл болған қажылықтың сыйы – тек жәннат», - деген. (Бухари, Муслим).

Сондай-ақ, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы да: «Кім мына үйге қажылық жасаса, ұятсыздық пен пасықтық жасамаса, анасы жаңа туған күнгідей (пәк болып) қайтады», - деген. (Бухари, Муслим). 



Төртінші – қажылық ғибадаттар жиынтығы


Қажылықта басқа уақытта біріктіру мүмкін болмаған ғибадаттарды бір уақытта орындауға болады. Мұсылман намаз, тәуап, ораза, садақа, Құран оқу, дұға, құрбандық секілді ғибадаттарды бір уақытта, бір мекенде орындауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, Арафатта дұға ету, Мұздалифада қону, Минада түнеу, Жамараттарға тас ату секілді құлшылықтар өзге ешбір жерде жасалмайды. Бұл – қажылықты басқа ғибадаттардан ерекшелеп тұратын сипаттардың бірі.



Бесінші – қ
ұбыламен байланысы


Алла Тағала қажылық арқылы әлем мұсылмандарын өз қ
ұбыласына жақындатады. Күнделікті бес уақыт намаз кезінде жүздерін бұратын Қағбаны жақын жерден көрсетеді. Қағбаны өз көзімен бір көрген мұсылманның иман дәмін сезбей қалуы, оны жақсы көрмей тұруы мүмкін емес. Қашанда оны қайта көруге аңсары ауып, ерекше сағынып тұрары хақ.

Қағбаны салған Алланың сүйікті құлы әрі досы Ибраһимнің (оған Алланың сәлемі болсын) тілінде: «Раббымыз! Ақиқатында, мен ұрпағымнан (бір бөлігін) қасиетті етілген Үйіңнің (Қағбаның) жанындағы егінсіз алқапқа орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындайтын болсын және адамдардан кейбірінің жүректерін оларға бұр әрі шүкір етулері (берген игіліктеріңе алғыс білдіру) үшін оларды жемістермен ризықтандыр!» деген дұға болды. («Ибраһим» сүресі, 37-ші аят). Біз де Алладан осы дұғаның қабыл етуін сұрап, қажылық сапарға деген ниетіңіз қайырлы болғай дегіміз келеді.

 

 

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




Нәтижелері жоқ.



Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.