11.12.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан
06:4908:1112:4915:3817:2018:43

ӨЗІҢІЗДІ ҚАНДАЙ ЖАР ДЕП ЕСЕПТЕЙСІЗ?

1555 рет оқылған
image 1

 

Қонаев атамыз айтпақшы, «Жаман келіншектің екі пышағы болады: біреуі қолында, біреуі тілінде. Қолындағысымен нан тураса, тіліндегісімен жаныңды турайды. Ал, жақсы келіншектің үш белгісі болады: жүзінде күлкі бар, қонақ келгенде, қолында нан жаятын оқтауы бар, күйеуіне ашуы келгенде, тілінде тоқтауы бар» - деген екен. Он күнәнің тоғызы тілден екенін білеміз...кейде, біле тұра ашу келгенде ақыл кетіп, ашуға беріліп, айтпағанды айтып жіберетін кездеріміз болатыны рас. Ондай кезде даналық пен парасатыңызды пайдалана отырып, сабырлылықпен ашуды айналып өтіп, жылы шыраймен тілін таба білсеңіз, еркектің еркек екенін сезіне, еркелей білсеңіз, есті еркек ентелей бермейді. Алла араларына мейірім мен махаббат салған ер мен әйел – бір-бірін толықтырушы. Әйелдерге: «Күйеулерің – Жәннаттарың», «Жарыңның разылығы – Алланың разылығы» деп, дұрыс отбасылық өмірді қалыптастыру жолын көрсетіп қойған.

Әрбір әйел өз мойнындағы күйеуінің хақыларын білуі және Ұлы Алла оны осымен міндеттегенін түсіне отырып, күйеуіне тиесіліні беруі міндетті:  «Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені Алла бірін-бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар мал-мүліктерінен де пайдаландырады» («Ниса» сүресі, 34-аят). Сонымен қатар, Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) осы аятқа қатысты былай деді: «Яғни еркектер – әйелдердің билеушілері (әмірлері) әрі  әйелдер оларға Алла бұйырған нәрселерде мойынсұнады. Әйелдің күйеуіне бағынуы оның отбасына жақсы қарым-қатынас жасауын және мал-мүлкіне құнтты қарауын да қамтиды» деген. Осыларды ескеретін болсаңыздар, отбасыларыңыз берекеге толары белгілі.

Алла Тағала шексіз мейірімімен біздерге бар болғаны төрт-ақ амал жасау арқылы Жәннәтің қалаған есігінен кіруімізге рұқсат етті. «Егер әйел бес намазды орындаса, рамазан айында ораза тұтса, ұятты жерін сақтаса және  күйеуіне бойсұнса, ақырет күні оған «Жәннәтқа қалаған есігіңнен кір» делінеді деген (Әл-Муснад).

 

 «Жаман әйел – күйеуіне, жалғыз атын сойғызар, жақсы әйел – күйеуін жоқтан құрап тойғызар» деген екен. Отбасының тірегі ер адам болғанымен, сол тіректің жүрегі өзіңіз екенін ұмытпаңыз. Әйел ашуланса – жеңіледі, еркелесе жеңеді, десек те, әр нәрсенің шегі барын қаперіңізде ұстап,күйеуіңізбен жылы, жұмсақ, жадырап тілдесіңіз. Отбасындағы тыныштық, ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат пен сезімнің суымай сақталып тұруы – ең алдымен, Алланың мейірімімен болады. Себебі, Алла – жүректерді қалаған жағына қарай бұрып қоюшы. Ендеше, Алладан ғана жәрдем сұрап, Оған ғана арқа сүйеңіз...

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




Нәтижелері жоқ.



Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.