25.09.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан
05:2406:4012:4716:5918:4820:03

КЕШЕГІ ТОЙ МЕН БҮГІНГІ ТОЙДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

548 рет оқылған
image 1

 

  «Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасапты» деген жолдар ауыз әдебиетіміздің келісті тұздығына айналғаны рас. Эпостық жырлардағы Тәңірінен жалбарынып жүріп сұрап алған перзенттеріне деген аста-төк көңілдің думанды мерекесіне не жетсін?! «Шілдехана», «Бесік той», «Сүндет той» сынды ұлттық салт-дәстүр жоралғыларының өзі күнді күнге, таңды таңға жалғастырған. Қазақтың тойы – ұлттық тәрб­ие­ бесігі болған. Бұрындары әдет-ғұрыптың, салт-сананың, өнердің бағын ашатын бақ сынайтын кез той үстінде өткен. Ал бүгінгі тойлардың түр-түсі бөлек, мазмұн, маңызы да өзгеше. Той болған жерде той мәдениеті, асаба әдебі туралы ойтолғамдар таусылмақ емес. Дегенмен, әр жанның өмір бойы көрсем деп жеткен тойына, армандаған қызығына әр беру, нәр беру, адамдардың сол тойдан көңілі марқайып, рухани азық арқалап қайтуына не жетсін?!

 

ҚАЗАҚТЫҢ ТОЙЫ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ САЛТ-САНАСЫН СІҢІРЕТІН ҚҰРАЛҒА АЙНАЛЫП БАРА ЖАТҚАН ЖОҚ ПА?!

 

Қазақ халқының мәдение­тін, тари­хи жолын бағамдар бол­сақ, жиын-той – ғасырлар бойы бірге жасасып келе жат­қан өмір салты десек, қате­леспейміз.  Үлкендер ба­та бергенде «Жиған-тергенің тойға бұйыр­сын», – дейді. Той мақсаты ішіп-жеп, қарын тойғызу емес. Жан-жақты ойласты­рылған жақсы тойдан ғибрат алып, рухани байып қайтсаң, соның өзі көп олжа.

«Адам өмiрiнде ерекше ес­­те қалатын той өз ма­ғына­сында өтіп жүр ме?» -  деген сұ­рақ­қа бір сарынды жа­уаптың болуы мүмкін емес. «Дәстү­рімізді дәріп­теуге, салты­мызды сақ­тауға бүгінгі сауық қанша­лықты қызмет етіп келеді» деген мәселе төңірегінде сан түрлі пікір бар.Қазіргі «Қыз ұза­ту», «Келін түсіру», «Сүндет той», тағы да басқа жорал­ғылар ата-баба дәстүрінен едәуір алшақ­тап кеткен сияқты. Мысалы, кей тойларда қа­лың­дық туф­лиін ұрлау, үйлену тойының соңы­на қарай «гүл лақтыру» тә­різдіэле­мент­терді кездестіріп жатамыз. Сөз өнерін зерттеуші ға­лым­да­рымыз «сұлу сөйлеу мін­дет емес, мағыналы сөйлеу шарт» дейді. Жалпы тойдың екі түрі елдің есінде қалады. Біріншісі – арзан әзіл-қалжың, түрлі ойын-сауық сипатында өрбіп, той барысы басынан аяғына дейін көпшілікті күл­діру мақса­тында жүргі­зілсе, екін­шісі – терең ой, тар­тымды тағы­­лым, асқақ рух, өнегелі сөз, ма­ғы­налы да маз­мұнды тұр­ғыдағы мәдениетті тойлар сана­­тына жатады.

        

ТОЙ ТІЗГІНІН ҰСТАҒАН АСАБАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП ҚАНДАЙ?

 

 Соңғы кезде тойла­рымыз өзінің мән-мағынасын жоғалта бас­тағандай. Думанға арналған уақытты қызықты өткізу үшін қазақ­тың ұлттық ойын­дарын жаң­ғыртып, әртүрлі таным­дық сөз сайыстарын өткізіп, жақсы демалысқа айнал­дыру қажет сияқты.Кез келген тойдың жақсы өтуі, ең алдымен, асабаға қа­тыс­ты деген пікір қалып­тасқан. Бекер айтылмаған. Ұшқыр ой, ұтқыр сөз, жара­сымды әзіл-қалжың, тәр­биелік мәнді айшық­ты әңгі­ме қонақ­тарды жалық­тыр­майтыны белгілі. Бүгінде сөзі мәнді, тәжірибелі асабалар жоқ деуден аулақпыз. Дегенмен, қазақтың салт-дәс­түріне қа­нық, оны бүгінгі заман­ның тала­бымен ұштас­тыра білетін той жүргізушілер аз. Ондай асабаның аузынан қазақы тәлiм-тәрбиеге бас­тайтын даналық сөздер, мақал-мәтел­дер, қазы­на­лық нақыл­дарды есту қиын...Бір қуанарлығы, той­ларда ішімдік мәселесін шектеп, дұ­рыс жолға икем­делу­деміз. Құп­тарлық жайт. Кеңестік дәуір­дің дертінен арылу – өзімізге пайдалы.

Біз ежелден тойқұмар елміз.Ел болып, әулет болып жиі бас қосып тұру бауырмалдықты арттырады. Тек, осы бас қосуда ысырапшылдыққа жол берілмесе, берекенің артары белгілі.

 

 

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




Нәтижелері жоқ.



Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.

Мақалалар

.