22.08.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

Әлемдегі ең бай кәсіпкердің құпиясы

4409 рет оқылған
image 1

Әлемдегіең бай кәсіпкердің құпиясы

 

Қазіргі таңда бес бірдей ірі компанияның президенті атанған АҚШ кәсіпкерi Джеф Хоффман кезінде кәсіпкерлікті бастағанда қалтасында тіпті ақшасы да болмаған екен.  Сонда ол мұндай нәтижеге қалай қол жеткізді? Джефф Хоффман ұсынған мына қағидалар кәсіпкерлікті бастайтындар үшін де, бизнес маңайында жүрген маман еместер үшін де бірдей пайдалы.

 

«Өмірде де, кәсіпте де ең маңыздысы ақша емес»

 

Мені қазір әлем таниды. Бес бірдей ірі компанияның иесі Джефф Хоффман яғни мен кәсіпкерлікті бастағанда қалтамда көк тиын қаражат болмаған еді. Соған қарамастан қиындықтарды жеңе отырып, өзім армандаған биік мақсаттарға қол жеткіздім. Адам үшін ең маңызды нәрсе ақша емес. Адам санасында биік мақсат пен асқақ арман және оған жетуге бағытталған жоспарлар болуы керек. Сонда ғана кез-келген адам көздеген мақсатына жете алады. Адам тек ақша қуып, өз пайдасын ғана ойласа, ісі күндердің бір күнінде тоқырауға ұшырайтын еді. Бүгінде дүниежүзінің сексен елін аралап, бизнесімді дөңгелетіп отырған белгілі кәсіпкер о баста жұмысын қалай бастаған еді. Ендеше, тыңдаңыз, айтып берейін.

Мен колледж бітіріп, университетке оқуға түскенмен, оқу ақысын төлеуге отбасымыздың шамасы жетпеді. Ол кезде бар болғаны он сегіз жаста едім. Алдыма «қайтсем де жоғары білім алуым керек» деген мақсат қойдым. Қарапайым инженер боп АҚШ компанияларының біріне жұмысқа орналасқаныммен, бастығымның қылықтарына көңілім толмады. Менің жалақым өте жоғары болды. Бірақ басшыммен келісе алмадым. Содан оқу ақымды төлеу үшін ғана емес, өзімнің адам ретіндегі бостандығыма және мақсаттарыма қол жеткізу үшін шағын компания құрып, жұмыс істей бастадым. Мен басқалар сияқты, яғни өзгелер жүрген жолмен жүргім келмеді. Өмірден өз соқпағымды табуға бекінген едім.

 

«Лидерлікке басқаларға қызмет ете жүріп қол жеткізу керек»

 

Мен ірі компаниялардың президентімін деп шалқайып жатпаймын, қашанда қарапайым адам екенімді естен шығармай, басқа қызметкерлермен қатар еңбек етуден жалықпаймын. Басқаларға жұмыс істетіп қойып, өзі нәтижесін пайдалануды жақсы көретін бастықтарды да ұнатпаймын. Лидер дегеніміз кім? Лидерлікке басқаларға қызмет ете жүріп қол жеткізу керек. Бұны қалай түсінуге болады? Яғни, ұжымыңда әр маман сені басшы ретінде де, адам ретінде де сыйлау керек. Сыйлата білу үлкен еңбекті қажет етеді. Бірде менің ұжымымда бір қызметкерім АҚШ-тағы ең мықты деген веб дизайнердің атын атап, сол жігітті жұмысқа алсақ деген ұсынысын айтты. Басқалардың қолынан келмейтін күрделі шаруаларды ол жігіт бір өзі тындырып тастайтынын да жеткізді. Мен бірден келісімімді беріп, іс-сапармен шет елге кеттім. Іс-сапардан оралғанымда мекемеге кіріп, жұмыс істеп отырған мамандардан «Сіздерге қандай көмек керек?» деп сұрадым. Сонда жұмысқа жаңадан орналасқан веб дизайнер менің компания президенті екенімді білмей, «Кір жуатын орынға киімдерімді өткізіп қойған едім, алып келсеңіз» деді. Жұрт «Бұның не? Ол біздің бастық қой» дегенше болмай, мен кір жуатын фирманың мекен-жайын жазып алып, киімдерді алуға өзім бардым. Артымнан жүгіре жеткен офис менеджер: «Сіз басшысыз ғой. Беделіңізге нұқсан емес пе? Жас жігіттің алдында құрдай жорғалағаныңыз не?» дейді. «Жоқ, сен олай деме. Бұл АҚШ-тағы ең мықты компьютер мамандарының бірі. Осы веб дизайнердің арқасында біздің компаниямыз миллиондаған табысқа жетеді. Мықты маманды ұстап тұру үшін де амалдар керек» дедім. Содан әлгі жігітке киімдерін беріп тұрып, «Тағы қандай көмегім керек?» деп сұрадым. Веб дизайнер «Машинамды жуа салсаңыз артық емес» деді. Мен  айтқанын орындадым. Бұл қарапайым мысал болса да, бұдан тәлім алуға болады. Егер мен «бастықпын» деп кеудемді керіп тұрсам, веб дизайнер жеке басының ісін ойлап алаңдар еді. Ал бұл жұмыс сапасына айтарлықтай нұқсан келтіретінін білдім.

 

«Маған өмір сүруді үйреткен үш қағида – осы»

 

Басқалардың қолы жетпеген жетістікке жету үшін адам басқалардан артық жұмыс істеу керек. Алғашқы компаниямды жиырма жасымда құрған кезде кәсіпкерліктің не екенін білмеуші едім. Мақсаттарымның тиянақты орындалуы армандай білуімнің арқасы. Яғни адам баласы болашағы туралы әдемі ойларды ешқашан тастамау керек, үнемі ізгі мақсаттар жетегінде болғаны жөн. Мен жасөспірім кезімде бөлмемнің қабырғасына мына үш қағиданы жазып қойдым. Біріншісі – биік-биік арман болсын. Екіншісі – қажырлы еңбек ет. Үшіншісі – құнды дүние жаса. Бұл қағидалар менің бөлмемде әлі күнге дейін жазулы тұр.

Мен ешқашан ақшаның артынан қуған жоқпын. Егер құнды дүние жасасам, ақша әйтеуір күндердің бір күнінде өзі іздеп табады. Алғашқы компаниямды миллион долларға сатып, артынан бес түрлі компания құрдым. АҚШ-тың ең атақты кәсіпкерлерінің тізіміне де ендім. Кезінде мені келеке қылып, күлген адамдар бүгінде маған «Джеффсен жолы болған адамсың» дейді. Кәсіпкердің еңбекқорлығы сондай, әр жұма күні ұжым көңіл көтеру кешіне кеткенде мен офисте жалғыз қалып, жұмысымды жалғастыра беретінмін. Құр қиялмен ештеңе өнбейді. Адам асқақ арманына сай қажырлы еңбек етуі керек деген қағида – менің өмірлік ұстанымым. Бұл мүлде көңіл көтермеу керек деген сөз емес. Егер сен қазір тынбай еңбек етсең, алдағы қалған өмірің той сияқты көңілді өтеді. Және менің жұмысқа мамандарды таңдауда өз ұстанымым болды. Мен қасыма қашанда өзімнен де білімді, менен гөрі ақылдырақ адамдарды көбірек жинаймын. Сонымен қатар олардың жұмыс орнында өздерін жайлы сезінуі үшін бар жағдайды жасаймын. Менің компанияларыма жұмысқа кірген адам оны тастап кете алмайды. Болашақты күтіп, шалқайып жатпай, келешекті бүгін жасау керекАлғашқы компаниямды 25 жасымда миллион долларға сатып, кейінгі құрған бір компаниямды «Прайслайн» деп атадым. «Тақыр жерге» құрылған бұл компания бүгінде әлемнің 180 еліне қанат жайып, танылды. Қазіргі таңда компаниямның жалпы табысы 60 миллиард долларға жетті. Міне, менің бала кездегі құр қиялым мен асқақ арманым қазір шындыққа айналып, өз жемісін беруде.

 

 

 

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




1—2 нәрсе, барлығы 2.
Аты-жөні: Нури
Дата: 30.04.2017 14:13

Пікір:
Қандай керемет,маган да жұғысты болсын!


Аты-жөні: Айжан
Дата: 24.05.2017 10:34

Пікір:
Қандай керемет, расын да балашағамның алдағы өмірін де тек адал еңбек жəне оның рахаты болсын.бір біріне мейірім болсын,ынтымақты, болсын.





Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.

Мақалалар

.