30.04.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

БИЗНЕС БАСТАЙТЫН АДАМҒА АРНАЛҒАН ДҰҒАЛАР

3797 рет оқылған
image 1

 

Қазіргі таңда жұмыспен қатар жеке бизнесін жүргізуге қызығушылық танытқандардың қатары аз емес. Дегенмен, көп ретте идея ойға оралғанымен, іс жүзінде орындалмай жатады. Қайтпек керек? Осы орайда, жаңадан кәсіп бастаған жанның білуі керек дұғалар топтамасын ұсынамыз.

 

Бастамаңыздың нәтижелі болуын тілеңіз!

 

Ең бірінші жеке кәсіп ашу туралы идеяны пісіріп алғаннан кейін әрбір адам қолға алған ісінің нәтижелі болғанын қалайды. Пайғамбарымыз (оған алланың игілігі мен сәлемі болсын) кез келген істе алдымен Алладан дұға тілеген. Алла Елшісінің ізімен сіз де көздеген бағытыңызға кедергілерсіз жету үшін осы дұғаны оқыңыз.

Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар.

«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира» (Муслим).

 

Ісіңізге береке сұраңыз!

 

Жеке бизнесті ашуда ең маңыздысы – жүйелі бизнес-жоспар құру. Шағын кәсіпкерлікте бизнес жоспарыңызды құрып алдыңыз. Оның берекелі болуын тілеңіз. Ілгерідегі ізгілер ұстанған бағытпен Алла Тағаладан ісіңіздің берекелі болуын сұраңыз.

«Я, Алла! Сенің рахымыңа үміт етемін. Мені бір мезетке болса да өз нәпсіме тастама, әрі менің барлық жұмыстарымды оңда, Сенен басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ!»

«Аллаһуммә, рахмәтәкә әржу, фә лә тәкилни илә нәфси тарфәтә ‘айнин, уә аслих ли шә’ни кулләһу, лә иләһа иллә Әнта!»

 

Жалқаулықтан құтылуды сұраңыз!

 

Жаңа кәсіпті бастау, оны тұрақты жүргізу үшін жалқаулықтан арылыңыз. Әдеттен тыс ерте ояну, барлығын қаперде ұстау, серіктестермен белгіленген уақытта кездесу, салықтар, төлемдер мен жалақыны уақытында төлеуді дағдыға айналдыру үшін Алладан жалқаулықтан құтылуды сұрап дұға етіңіз.

Я, Алла! Расында мен уайым-қайғыдан,әлсіздіктен, жалқаулықтан, сараңдықтан, қорқақтықтан, қарызға батудан әрі адамдардың басымшылығынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын.

«Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-һәмми уәл-хәзәни, уәл-ъажзи уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл».

 

Жаңа кәсібіңізге Алладан көмек сұраңыз!

 

Жаңа кәсіпті жақсы көру – қажетті аспект. Құлшыныс пен еңбек арқылы жаңа идеялар туады. Кәсібіңізден күнделікті мотивация алу үшін алдымен Алладан осылай көмек сұраңыз.

Я, Алла! Істерімнің қорғаушысы болған дінімді, өмір сүретін дүниемді, қайтып оралатын ақыретімді түзегейсің. Өмірімді ізгі амалдарды көбейту, ал өлімімді барлық жамандықтан демалу қылғайсың. Уа, Раббым! Маған көмектесе гөр және маған қарсы көмектеспегейсің. Мені жеңіске жеткіз және біреуге жығып берме. Мені тура жолға сал және тура жолды маған жеңіл қылғайсың.

«Аллаһумма әслих ли динил-ләзи һууә ъисмәту әмри, уә әслих ли дуния-ялләти фиһә мәъәши, уә әслих ли әхиратил-ләти иләйһә мәъади, уәжъалил-хәятә зиядатән ли фи кулли хайрин, уәжъалил-мәутә рахатән ли мин кулли шәрр. Уә Рабби әъинни уә лә туъин ъаләйя уәнсурни уә лә тәнсур ъаләйя, уәһдини уә йәссирил-һудә ли».

 

Өзіңізді осы дұғамен ризықтандыруға жол ашыңыз!

 

Көпшілік бизнес ашуды ойлайды, бірақ біліктілік пен қалтаның жұқалығы мақсатқа жетуге кедергі келтіреді. Алғашқыда жүрексінесіз. Енді қайтпек керек? Ол оп-оңай! Өзіңізді осы дұғамен ризықтандыруға жол ашыңыз! Пайғамбарымыз да (оған алланың игілігі мен сәлемі болсын) жасаған әрбір игі ісі үшін дұға қылып, Алладан көмек тілеу үшін осы дұғаны оқыған.

Бірде Пайғамбарымызға  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір бәдәуи келіп: «Маған мен қайталап отыратын сөздер үйретші», – деп сұрады, сонда ол оған: «Былай де: «Алладан басқа Құдай жоқ, Оның серігі жоқ, Алла Ұлы, Бүкіл Әлемнің Раббы Аллаға көп мақтаулар, Алла пәк! Құдіретті, Дана Алланың күш-қутына жететін ешкім жоқ!»

/Лә иләһә слла-Ллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу, Аллаһу Акбар кабиран, Уәл-хамда ли-Ллаһи кәсирән уә субхана-Ллаһи, Роббиль ъаламина! Уә лә хәулә уә лә қуата иллә би-Лләһил-ъАзизиль-Хакими!/, – деді.

Бәдәуи: «Бұл – менің Раббым үшін, ал мен үшін ше?», – деді. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Былай де: «Я, Алла, кешір мені, маған рақымшылық ет және мені дұрыс жолға алып шық, сондай-ақ маған өмір сүретін ризық бер!» /Аллаһумма, – ғфирли, уархамни, уахдини, уарзуқни!/, – де» деген(Муслим).

 

Және жақсылық сұрауды ұмытпаңыз!

 

Кез келген жағдайда Алла Тағаладан жақсылық сұрауды әдетке айналдырыңыз. Алладан жаңа кәсібіңіздің жақсылыққа, молшылыққа толы болуын тілеңіз. Сахабалар жақсылық жасауда, игі істерді жасауда ең алдымен Алладан оның жақсы болуын дұға еткен.

Я, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын, әуелгісі мен ақырғысын, әшкересі мен жасырынын, Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Менің зікірімді жоғарылатып, ауыртпалығымды таста, жүрегімді тазалап, әурет жерімді сақта және күнәларымды кешір.

«Аллаһумма инни әс-әлукә фәуәтихәл-хайри уә хауәтимәһу уә жауәмиъәһу, уә әууәләһу уә әхираһу уә заһираһу уә бәтыйнәһу, уәддәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Аллаһумма инни әс-әлукә ән тарфәъә зикри, уә тәдаъа уизри, уә тутаһһира қалби, уә тухассинә фаржи, уә тәғфира ли зәнби».

 

Алла Тағала сіздердің жасаған әрбір істеріңізге берекесін бергей!

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




1—3 нәрсе, барлығы 3.
Аты-жөні: Сәния Кенжәлиев
Дата: 6.04.2017 18:27

Пікір:
Көп рахмет! Алла разы болсын!


Аты-жөні: Меруерт
Дата: 8.04.2017 08:12

Пікір:
ДжазакаЛлаху хайран


Аты-жөні: Мейрамбек
Дата: 9.04.2017 00:47

Пікір:
ДжазакаЛлаху хайран





Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.

Мақалалар

.