12.12.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан
06:4908:1212:4915:3817:2018:43

ӘЛИ ИБН ӘБУ ТАЛИБТІҢ (Р.А) ПАЙҒАМБАР ﷺ АЛДЫНДАҒЫ ДӘРЕЖЕСІ

995 рет оқылған
image 1

III БӨЛІМ. ӘЛИ ИБН ӘБУ ТАЛИБТІҢ (Р.А) ПАЙҒАМБАР АЛДЫНДАҒЫ ДӘРЕЖЕСІ

 

Әли (р.а)  – Алланың және Алла Елшісінің сүйіктісі

Хижраның 7 жылы орын алған Хайбар оқиғасында күллі шыншылдар мен ықыластылардың алдында Әли ибн Әбу Талибтің (р.а) шынайы артықшылығы паш етілді. Бұл оқиға Муслимде былайша баяндалады: «Мұсылмандар Хайбарға кірердің алдындағы түнде немесе одан кейінгі түні Алла Елшісі : «Ақиқатында, мен мына байрақты Алла оның қолы арқылы жеңіске жеткізетін, Алланы және Оның Елшісін жақсы көретін әрі Алла және Оның Елшісі оны жақсы көретін бір кісіге беремін», – деді. Сонда адамдар түнді байрақ өздерінің қайсысына беріледі деп әңгімелеумен өткізді. Таң атқан соң адамдар ертемен Алла Елшісіне келді, барлығы тудың өзіне берілуін үміт ететін. Пайғамбар : «Әли ибн Әбу Талиб қайда?» – деп сұрады. Адамдар: «Уа, Алланың Елшісі! Оның көзі ауырып жатыр», – деді. Пайғамбар : «Оған адам жіберіңдер», – деді. Сөйтіп оны алып келді. Алла Елшісі оның көздеріне түкірді және ол үшін дұға жасады. Сонда ол тіпті ауырмағандай жазылып кетті. Пайғамбар оған байрақты берді. Әли: «Уа, Алланың Елшісі! Олармен өзіміз тәрізді болғанша (яғни, Ислам дінін қабылдағанша) соғысамын ба?» – деп сұрады. Пайғамбар оған: «Олардың аймағына жеткеніңше асықпай қозғал. Сосын оларды Исламға шақыр және оларға Алланың құқықтарынан өздеріне не міндеттелетінін хабарла. Алламен ант етейін, Алланың сен арқылы бір кісіні тура жолға салуы сен үшін өзіңде қызыл түйелердің (сол тұста арабтарда мұндай түйелер өте құнды саналатын) болуынан қайырлы», – деді. Риуаяттардың кейбірінен Пайғамбардың туды Әлиге (р.а) Хайбардың қамалын алуға бағытталған бірнеше әрекеттер нәтижесіз аяқталған соң бергені жайлы қорытынды шығады. Басқа бір сөзінде: «Мен кімге қамқоршы болсам, Әли де оған қамқоршы. Уа, Алла! Кім оған мейірбан болса, Сен де оған мейірбан бол және кім оған қатынаста дұшпан болса, Сен де оған қатынаста дұшпан бол» деген («Фадаил ас-сахаба»)

 

Әлидің (р.а)  Алла Елшісі алдындағы дәрежесі

Сағд ибн Әбу Уаққастан (р.а): «Алла Елшісі Тәбук жорығына шыққанда (Мәдинада) өз орнына Әлиді (р.а)  қалдырған. Осыған дейін үлкен жеңістер мен жетістіктердің себепкері әрі куәгері болып жүрген Әлиге (р.а) бұл қатты батты. Оның үстіне екіжүзділер «Әлиді тастап кетуінің себебі ол одан құтылғысы келді» деген қауесет тарата бастайды. Сонда ол қаруын асынып, Пайғамбарға келіп: «Мені балалар мен әйелдердің арасында қалдырып бара жатсың ба?»—дейді. Сонда (Пайғамбар ): «Сен маған Мұсаға Һарунның дәрежесіндей болуға разы емессің бе?! Бірақ менен кейін пайғамбар болмайды»,—депті. Әли (р.а) осыдан кейін Мединеге қайтады.

 

Әли (р.а)  Алла Елшісін соңғы сапарға шығарып салады

 

Ең алғашқы уахи алған сәттерінде, Мединеге қоныс аударғанында және одан кейінгі ең қиын шайқастарда Алла Елшісінің жанынан табылған Әли (р.а)  оны ақтық сапарға  да өзі шығарып салды. Ол қайтыс болғанда Әл-Аббас және Усама ибн Зейд (р.а) үшеуі жуындырады. Әли (р.а) айтады: «Мен Алла Елшісінің денесін жудым. Әдетте қайтыс болған адамның денесінде болатын өзгерістерді күтіп, қараумен болдым. Алайда, ештеңе көрмедім. Ол тірі кезде қандай көркем болса, өлгеннен кейін де солай қала берді» (Ибн Мәжәһ).

Алла Елшісінің  денесін жуған Әли (р.а): «Анам мен әкем сенің жолында құрбан болсын... Тірі болсаң да, өлі болсаң да нұрлысың» деген екен (Ибн Һишам).

Ибн Исхақ Алла Елшісін  қоярда қабіріне түскендердің ішінде Әлидің (р.а) болғандығын айтады.

 

 

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




Нәтижелері жоқ.



Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.