27.06.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан
03:2605:1112:5818:1820:4022:25

ОТБАСЫНДАҒЫ ҰРЫС-КЕРІСТІҢ АЛДЫН АЛАТЫН ДҰҒАЛАР

4358 рет оқылған
image 1

 

Отбасының тұтастығын, шаңырақтың шайқалмауын қамтамасыз ету үшін әйел мен ер адамға ортақ, бірігіп сақтауы тиіс құндылықтар бар. Бұл құндылықтар тиісті деңгейде сақталғанда ғана құрылған отау берекелі болмақ. Ал сіз отбасындағы ұрыс-керістің, түрлі жанжалдың алдын алатын дұғаларды білесіз бе? Төмендегі мына дұғалар топтамасын өз игілігіңізге пайдаланыңыз.

 

 

☺ Отбасыңыздың татулығын арттырғыңыз келсе, мына дұғаны оқыңыз:

 

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұбайлардың бір-біріне көңілі толмай, ренжіскен сәттерінде Алладан екеуінің арасындағы сүйіспеншілікті одан әрі арттыруды сұрап, дұға етуге кеңес берген.Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  түнде оянған сәттерінде Айша анамыздың (оған Алла разы болсын) қолынан ұстап осылайша дұға еткен.Сондай-ақ, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен сахабалары жұбайлары мен өздері үшін дұға ететін болған.

«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!» («Фұрқан» сүресі, 74-аят)

«Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-ъәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә».

 

«Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!» («Ибраһим» сүресі, 40-аят).

«Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и»

 

 

☺ Отбасылық шешімдерді қабылдайтын кезде оның оң нәтиже бергенін қалайсыз ба? Ендеше оған мына дұғаның көмегі көп.

 

«Я, Алла, шын мәнінде, мен Сенің құлыңмын. Сенің құлың мен күңіңнің ұлымын. Менің тағдырым Сенің қолында. Сенің шешімің маған міндет әрі маған шығарған үкімің әділ. Саған тән болған барлық есімдеріңмен, Өзінді атаған немесе Кітабыңда түсірген, немесе жаратылғандарыңның біріне үйреткен, немесе Өзіңнен басқаға құпия еткен барлық есімдеріңмен Өзіңе жалбарынамын: Құранды жүрегімнің көктемі, кеудемнің нұры, әрі мазасыздығым мен уайымымды әкетуші ете гөр!»

«Аллаһуммә, инни ‘абдукә, ибну ‘абдикә, ибнуәмәтикә, нәсыйяти би-йәдикә, мәдынфийәхукмукә, ‘адлун фи-йәқадоукә, әс-әлукә би-куллиисминһууәләкә, сәммәйтәбиһинәфсәкә, әуәнзәлтәһу фи китәбикә, әу ‘алләмтәһуәхәдән мин халқикә, әуистә'сәртәбиһи фи ‘илми-л-ғайби ‘индәкә, әнтәж’алә-л-Қур'әнәраби’ақалби, уәнурасадри, уәжәлә-ә хузнииуәзәһәбәһәмми!» (Ахмад). 

 

 

☺ Отбасына келген кез-келген қиындықтан құтылу дұғасы мынадай:

 

«Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сарандық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығы мен адамдардың қыспағынан Өзіңе сиынамын!»

«Аллаһуммә, инни ә’узу бикә минәл һәмми уәл-хәзәни, уәл-’ажзи уәл-кәсәли, уәл- бухли уәл-жубни, уә долә’и-д-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл» (Бұхари).

 

 

☺ Жарыңыздың қырсық мінезі үшін оқылатын дұға:

 

Қырсық әйелдің кесірінен Аллаға сыйыну туралы Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) былай дейтін: «Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғаларының қатарында мына (дұға) да бар еді: «Я, Алла, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға жар салатын достан пана сұраймын» (Табарани).

(Аллаһумма инни а‘узубика мин жәри ссу-и, уа мин зәужин тушайибуни къаблә-л-мәшиб, уа мин уаләдин якуну ‘аләйа раббан, уа мин мәлин якуну ‘аляйа ‘азабан, уа мин халилин мәкирин ‘айнуху тарани уа қалбуһу яр‘ани ин ра-а хасанатан дафанаһа, уа изә ра-а сайиатан аза‘аһа).

 

 

☺ Балаңызды барлық жамандықтан сақтауды сұрайтын дұғаны да біле жүріңіз:

 

Бұл дұғаны дем салудан кейін, бала сыртқа шығарда, қонаққа барғанда, кез келген уақытта жамандықтан Алладан пана сұрау үшін оқыңыз: Ибн Аббастан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)Хасан мен Хусейнді пана сұратып: «Шын мәнінде сендердің бабаларың (Ибраһим) мұнымен Исмаил мен Исхақты пана сұрататын: «Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ (Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын)» деп айтатын», – деген. (Бұхари).

 

 

☺ Ер адамның өз отбасы мүшелері ауырған кезде оқитын дұғасын қайталай жүріңіз:

 

Айшадан (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) біреуіміз ауырсақ, оны оң қолымен сипап: «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер)», – деп айтатын. Айшадан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), бийәдикәш-шифә(у), лә кәшифә ләһу иллә Әнт(ә) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ)» (деген) сөзбен дем салатын ( Муслим).

 

 

☺ Отбасындағы жоқшылық пен кедейліктен құтылу үшін оқылатын дұға:

 

Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.

«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһум- мә ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә әнт».

 

 

☺ Алладан жан байлығын әрі материалдық байлықты сұрағыңыз келе ме? Онда осы дұғаны күн сайын оқуды әдетке айналдырыңыз:

 

Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жиі айтатынын естіген: «Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын» (Муслим).

«Бисмилләһи уәләжнә, уә бисмилләһи харажнә, уә ъалә раббинә тәуәккәлнә».

 

 

Отбасы мүшелерін күн сайын жамандықтан қорғап жүретін дұға:

 

Егер кімде-кім үйінен шығар кезде Аллаға тәуекел еттім, Алладан басқа күш те, қуат та жоқ екенін айтар болса, оған Алла тарапынан да бар қажеттіліктері қамтамасыз етіледі Шайтан да одан алыс жүреді. Ал отбасындағы ұрыс-керіс көбіне ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына шайтанның араласуымен басталады. Адамды уайымнан құтқарып, кешке дейін қорғап жүретін әрі шайтанды шарасыз күйге түсіретін дұға Әнастан (оған Алла разы болсын) Алланың Елшісі (оған Алланың игілі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім үйден шығарда: «Алланың атымен Аллаға тәуекел еттім. Алланың күш қуатынан асқан ешқандай күш қуат жоқ» (БисмиЛләһ, тауаккальту ‘әлә-Ллаһ, ла хаулә уә лә къуууата иллә билләх) десе оған: «Сен тура жолдасың, құтылдың әрі қорғаулысың» деп айтылады. Сол кезде шайтан ол адамнан қашады да басқа шайтанға барып: «Сен тура жолдағы, құтылған әрі қорғалған адамға не істей аласың?» деп айтады» деген. Осы xадистегі «құтылды» деген сөз туралы ғалымдар: «Ол адам, адамға екі дүиеде уайым салатын нәрсенің бәрінен құтылады» деген (Әбу Дәуд). Сондықтан, үйден шыққан кезде және үйге кірер кезде осы дұғаны күн сайын оқи жүріңіз.

 

Алла Тағаладан шын жүректен сұраған дұғаларымыз бен тілектеріміз қабыл болғай!

 

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




1—2 нәрсе, барлығы 2.
Аты-жөні:
Дата: 28.03.2017 23:41

Пікір:


Аты-жөні: Айнаш
Дата: 31.03.2017 06:26

Пікір:
Неге үйге кірерде оқитын дұғаны байлықтарды сұрайтын деп қойған





Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.

Мақалалар

.