18.01.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан
06:5708:1713:0616:0717:4919:09

Әйелдерге 20 кеңес

36342 рет оқылған
image 1

Құдіреті шексіз Алла Тағала Құранда: «Әрі сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де – Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда ойланып, ақылға салатын адамдар үшін дәлел-ғибраттар бар», -дейді («Рум» сүресі, 21-ші аят). Яғни, әйел – тек бір Аллаға құлшылық ету және ерінің тыныштық табуы үшін жаралды. Осы екі міндетті атқарып өткен әйел – екі дүниеде де бақытты. Оның жәннаты немесе тозағы, ақыретте намазбен бірге сұралатыны – жары. Тіпті, Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Егер біреуге сәжде жасауға рұқсат берілсе, әйелге еріне сәжде жасауға бұйырар едім»,- деген (Тирмизи). Осы бір аят пен хадистен кейін артық сөз қажет емес секілді. Айша анамыз (Алла разы болсын) соңынан ерген мұсылман сіңлілеріне күйеулеріңнің алдындағы міндетті білсеңдер, оның аяғындағы шаңды беттеріңмен сүртер едіңдер деп өсиет қалдырды. Біз сізге дәл осылай шаң сүртіңіз деуден аулақпыз. Алайда, жарыңыздың разылығын табу жолында көмегі тиер деген ниетпен төмендегі кеңестерімізді ұсынып көрмекпіз.

  1. Жарыңыздың көзінше ешқашан дауыс көтеруші болмаңыз. Ол жоқта да бұл олқылықтан аулақ болған жөн. Қыз баласына тән нәзіктіктен таймаңыз.
  2. Күйеуіңіз ашуланғанда, отқа май құймаңыз. Мәселен, бокс алаңында міндетті түрде екі боксшы болады. Бір қатысушы жоқ болса, бокс жоқ. Яғни, сіз өзіңізді тыйсаңыз, оның ашуы да оңай басылады. Ашу келіп тұрса, отырыңыз немесе жатыңыз, тіпті болмаса, дәрет алыңыз. Жарыңызға да осыны еске салыңыз. Мұндай сәтте үйде барынша тыныштық сақтауға тырысып бағу керек.
  3. Күйеуіңізден «Сен бүгін маған разысың ба?» деген сұраққа оң жауап алмай ұйықтамаңыз. Ол разы болса, Аллаға да ұнамдысыз.
  4. Онымен қарым-қатынаста кішіпейіл болыңыз, қырсықтық таныту, өз пікіріңде қатайып тұрып алу ешкімге әбүйір әкелмейді. Оны ашуландырудың арты ұрысқа тіреледі. Шайтанның сүйікті ісі – араға от салу. Ұрыс-керістен қашумен айналысу керек. Күйеуіңіздің тарапынан ескерту келсе, екінші рет қайталанбас үшін, қорытынды шығара біліңіз.
  5. Ол киінгенде әрдайым жанынан табылыңыз, керегін тауып беріңіз. Аяқ киімін тазалап, жағасын түзеңіз. Оны шығарып салуға көңіл бөліңіз.
  6. Жарыңызбен тәһәжжуд намазына жиі тұруға тырысыңыз немесе парыз намаздарын бірге жамағат болып оқыған дұрыс. Бұл – ер мен әйел арасындағы рухани байланысты нығайтады, Алла мейірім пен махаббатқа жол ашады. Себебі, Алланы еске алумен жүректер тыныштық табады. Алладан екеуіңіз үшін әрдайым тілек тілеңіз.
  7. Күйеуіңізден кешірім сұрағанын немесе ақталғанын күтпеңіз.  Иә, кейде оның иілуге тиіс кездері болады, бұл – оның көркем  мінез-құлқынан. Алайда, сәт сайын, сағат сайын одан бұл әрекетті күтпеңіз.
  8. Оның сыртқы келбетін қадағалаңыз. Ол тазалығымен, жағымды иісімен жұмыс жасамаса, өз міндетіңізге алу керексіз. Әр кеш сайын киімдерін жуып, үтіктеп дайындап қойыңыз. Маскалар жасап, жылы ванна дайындаңыз, массаж жасаңыз. Сіздің тазалығыңыз – оның тазалығы. Ол ұқыпсыз жүрсе, кінә сізден болып тұр.
  9. Күйеуіңізден алғыс күтпеңіз. Оны қуандыру үшін тосын сый жасасаңыз да, оның рақметінен үмітті болмаңыз. Олар эмоцияға берілмейді, сезімін іште сақтай алады. Ол үшін қапаланып, ісіңізге өкінбеңіз. Сіз не істесеңіз де Алла разылығын үшін істейсіз емес пе? Алла білсе, соның өзі жеткілікті.
  10.  Оның көңіл күйіне ілесіңіз. Қуанса қуанып, мұңайса бөлісіп, жанынан табылыңыз. Сіздер – бір-бірлеріңізге киімсіздер. Киім ыстықтан, суықтан қорғайтыны секілді, бір-біріңізге сүйеніш болыңыздар. Оған «жақсы күйеу» екенін жиі айтып тұрыңыз.
  11.  Күйеуіңіз – Алла екеуіңіздің арасындағы «көпір» десе де болады. Оның алдындағы ықыласты амалдарыңыз – құлшылық. Құлшылық үшін сауап бар. Оның артында жәннат тұр.
  12.  Күйеуіңіз бұйрық бергенде, немқұрайлылық танытып, кейінге қалдырмаңыз. Және өтінішін жақсы көңіл-күймен, жоғары құлшыныспен орындауға тырысып бағыңыз. Оған өтініш айтқыңыз келсе, бірден жағадан алмай, бірінші тәні мен жанының, нәпсісінің қажеттілігін қанағаттандырыңыз, сонан кейін ғана оңтайлы сәт тауып жеткізіңіз.
  13.  Сапардан, жұмыстан келгенде күлімсіреген жүзбен қарсы алыңыз. Ісіңізді тастай салып есіктен күтіп алу, құшақтау, дұға жасау оған жағымды әсер қалдырады. Оған бірден қиындықтарыңызды айтушы болмаңыз. Жалпы қандай жағдайда да тағдырға наз айтудан аулақ болған жөн.
  14.  Оның алдында барынша әдемі киініп, ұқыпты, таза болып жүріңіз. Жағымды иіске ерекше назар аударыңыз. Үйдің, төсек жабдықтарының тазалығын қадағалаңыз. Күн сайын таранып, теріңізді күтіңіз.
  15.  Отбасылық қиындықтарыңызды, құпияларыңызды құрбы-туыстарыңызға айтушы болмаңыз. Расымен де көмек керек болса, білім иесіне жүгініңіз.
  16.  Оның отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынас орнатыңыз, әрдайым жағдайларын сұрап, орайы келгенде сыйлық беріп тұрыңыз. Еріңіздің разылығына жететін жол – оның анасы. Енеңізбен әрдайым тату-тәтті болыңыз. Оған туыстарын, достарын жамандаушы болмаңыз.
  17.  Ол сізге қызықсыз әңгіме айтса да, бас изеп, мұқият тыңдаңыз. Сөзін бөлмеуге әрекет жасап, арасында ғана сұрақтар қойып отырыңыз. Оған ұнайтынды, қызығушылығын ұнатуға талпыныңыз. Жасаған жақсылығы үшін әрдайым алғыс білдіріңіз. Әзілдесіңіз, жақсы көретініңізді айтыңыз.
  18.  Оған ескертусіз сыртқа шықпауға тырысыңыз, қонақ шақыратын болсаңыз, қонақтар санын, тамақ мәселесін кеңесіңіз. Және оған да жақсы мұсылмандармен жақсы қарым-қатынас орнатуына жағдай жасаңыз. Қайырымды, сауапты істер жасауға ой салыңыз. Мұсылмандар – ізгілікте бір-біріне көмекші.
  19.  Түрлі дәмді тағамдарды, оның сүйікті асын жасауды үйреніңіз. Күн сайынғы асты оның қалауын сұрау арқылы жасайтын болыңыз. Әрдайым халал азық-түлікті қолданыңыз. Оның уақытылы тамақтануын, уақытылы ұйықтауын қадағалаңыз. Уақытыңызды үнемдеңіз. Қазір ғаламтор беттерінен түрлі үйрену сабақтарын (тігін, массаж, қолөнер) тауып алуға болады, оларға сүйене отырып, қызықты әрі пайдалы іспен айналысыңыз.
  20. Күн сайын жаңа білім үйреніп, күйеуіңізге жеткізіп отырыңыз. Бірге Құран оқып, тәпсірлеріне ой жүгіртіңіздер, білмегеніңізді одан сұраумен болыңыз. Ол сізге – жар, әке, бала, бауыр, ұстаз болу керек. 

Сахих хадистерде күйеуіңіз разы болмаса, Алла алдындағы құлшылығыңыз қабыл болмайтындыңы ескертіледі, ендеше, мүмкіндік барда қолдан келгенді жасаудан аянбаңыз.

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




Displaying 1-10 of 14 results.
Аты-жөні: Назым
Дата: 28.12.2015 18:19

Пікір:
Калай биз конилсиз куймизди корсете алмаймыз ба не? Алдарында тек конилдерин котерип туратын зат секилди. Бундай карым катнас жасау ушин сай еркек болуы керек ериксиз камкор болгын келетин ер адам болу керек акылды мейримди ар нарсени туртпектемейтмн.


Аты-жөні: Ұлбосын
Дата: 11.01.2016 10:58

Пікір:
Назым, ер адамды әйел адам түзей алады. Бәрі сіздің қолыңызда. Расымен, сіз тек жақсы қарым-қатынаста болып, оны ренжітпей, сөз қайтармай кішкентай баланы еркелеткен секілді жлдасыңызды да кейде еркелетип тұрыңыз. Бүгін болмаса, ертең қадіріңізді түсінеді. Менің жолдасым маған айтады: "мен сенің ең кенже балаңмын, мені еркелетуді ұмытып кеттің " дейді. Күлімдеп жүрсеңіз бәрі жақсы болады.


Аты-жөні: 777
Дата: 18.01.2016 16:07

Пікір:
Бұл нағыз құлшылық психологияны қалыптастыратын кеңестер ғой. Тіпті ондай ойды жасырып тұрған да жоқ, мынадай сөздеріне қарағанда: "Күйеуіңіз – Алла екеуіңіздің арасындағы «көпір» десе де болады. Оның алдындағы ықыласты амалдарыңыз – құлшылық. Құлшылық үшін сауап бар". Біз - еркектер үшін бұл кеңестер жағымды болу керек шығар... дегенмен, не себептен білмеймін, жеке өз басымды қуантып жатқан жоқ. Шамалы басқаша түрде берілсе болмас па еді?


Аты-жөні: Несібелі
Дата: 5.03.2016 20:07

Пікір:
Егер ері жұмыс істемесе, жанын қинағысы келмесе әйелінің тапқан табысына күн көріп, балаларынын ырыздығына ортақтасса, және ол қылығына қысылмаса, жұмыстсн шаршап келген әйелінен күдіктенгенсіп жүйке ін тоздырса. Ақшасы табысы баржұртты ұрлаған деп мінеп сынаса ондай адамға не істеуге болады. Жанагы курметтер оган лайыа па?


Аты-жөні: Анар
Дата: 5.03.2016 21:33

Пікір:
Салеметсиздер ме! Куйеуынды осылай курметтеп отырганда ол козине шоп салып тапкан акшасын казино ойнап карызга батып журсе. Шыдамын да тауслады екен. Сезимин де жайлап сонеды екен. Еркек адам да айелине бир мезгил конил болип ,бала шагасынын анасы ретинде жылы кабак танытуы да керек шыгар деп ойлаймын. Жогарыда жазылгандардын барине карсы шыгуым деп кабылдаманыздар.


Аты-жөні: Гу
Дата: 6.03.2016 00:38

Пікір:
Сәлеметсіз бе? Иа ер адамды сыйлаған дұрыс ғой. Ен бастысы Оздери бир-бирлерин тусинистик. Адамгершілік болса бары болатын сиякты. Алайда тырысып баксанда унеми оған унамайсын. Жарайды деп үндемей син ози тусинетин шыгар деп. Озинди багаламаса онда не ушин омирсурип жатырсын. ..


Аты-жөні: Жақсылықтілеуші
Дата: 7.03.2016 20:06

Пікір:
Аса қадірлі қарындастар, аналар !!! Сіздердің айтқандарыңыздың жөні бар, бірақ болып жатқанның бәрі Жаратушымыздан келген сынақ деп қабылдаңыздар. Еш күмәндәріңіз болмасын, түбінде үлкен хиқмет жатыр. Соны түсінуге тырысыңыздар, бұл дүниеде еш нәрсе Алла қалауысыз болмайды !!! Алла бәрін білуші ненің қалай бізге дұрысын көрсетеді. Күйеуіңіз сондай қиын күнә жағдайларға түсіп қалса, сабыр қылыңыз. Сабырлықпен бұның шариғи тұрғыда дұрыс емес екенін түсіндіріңіз, жәй айтыңыз да Алладан дұға қылыңыз, жәрдем сұраңыз. Алла бәрін өз уақытында реттейді. Оған еш күмәніңіз болмасын. Бізге шайтан бұрмалап шатастырып көрсетеді әр нәрсені сұмдық қиянат зұлым сияқты қылып, бірақ біз сол нәрселерді дұрыс дер кезінде түсініп сабыр қылсақ Алла бізді аңсаған жәннәтқа кіргізет ин ша Алла. Алла намаз оқушылармен емес, қарилармен емес, еш өтірік айтпайтындармен емес, Алла сабыр қылушылармен дегенді ұмытпайық халқым !!!


Аты-жөні: Жадыра
Дата: 6.04.2016 16:28

Пікір:
Мен әжемнің қалауымен тұрмысқа шықтым. Күйеуімді еш танып білмедім, 4 жыл жүріп бас қосамыз деп жүрген жігітіме тұрмысқа шыға алмадым. Үлкендер жақсы жер сыр мінез таныс адамдар жыламайтын жер көзіміз оған жетеді деп менің қарсылығыма қарамастан бәрін шешті. Тіпті әжем көз жасын тоқтатпай жылады . Үлкендердің көз жасы жібермейді деген тағы бар. Мен келіспесемде тойболды шарасыз күйдемін. Тойдан кейін мен ақтық демім біткенше пірім деп отбасымның қамқоршысы, пана болар тірегім үйімнің ер азаматы деп ойлаған адамымды танадым.Мына өмірден мүлде хабары жоқ кішекнтай баладай, ой өрісі аздап жетілмей қалған сияқты. Әйелмен ердің ара қатынасы қалай болатынын да білмейді. Мен не істерімді білмедім үнсіз жүре бердім. Арада апта өтті абысыным сен қыз емессің ба неге төсекті бермейсің деп намысыма тиді. Сол түні мен өз-өзімді дайындап, өз қолыммен өзімнің адалдық, қыздық пәктігімді саусағыммен алуға бел байладым және алдымда .Өмірім оысмен біткен болар деп қатты қиналдым. біреуге айтсам күлкіге, мазаққа айналатындай болдым. Күйеуіме ақырындап түсіндірдім, маған қиын болсада еркектің орнына еркекте болдымәйелде болдым.Тамағы тоқ болса болды көшеде кішкентай балалармен алысып ойнап жүреді. Мынаны бұлай ананы бұлай істе деумен күндер өте берді.Мендегі бар үміт ол түзеледі деген сенім ғана болды.Менде ол адамға деген ешқандай жылу, сезім, жақсы көру деген нәрселер болған емес тіпті іненің кішкене тесігіндей де жылулық болмады.Оны күн өткен сайын жек көру арта түсті . Анам бізді әкем о дүниелік болған соң жалғыз өсірді. Қаншама қиын күндер Алланың сынақтарына шыдап мойымады. Ол үйден кетіп қалуға қанша тырыстым бірақ анам мені бұлай тәрбиелемеді анама сөз келмесін менде шыдайын деп жүре бердім. 5 жыл оысындай жағдайда өмір сүріп кетуге бел байладым. Мен неге бұл үйде жүрмін Пірімдеп арқа сүйер азаматым еш өзгермеді. Алдағы күнде менің күнім қалай болады, не істеймін қиналғанда мұңымды қуанғанда қуанышты бөліспесе қажеті қанша. Мен болашақ жарым қатал, тік, бір сөзді қас қабағынан адам тіпті өзім қорқатындай ер азамат болса, мен соның бар қалауын орындап көңілін табатын боламын деп арман ететінмін. Өшініштісі маған ондай азаматты Аллам нәсіп етпепті. Мен ол үйден кетіп қалдым. Ешкімге айтпаған 5 жылғы өмірімді барығына айтып салдым. Менің төзімім, шыдамым осымен бітті мені онда бар деп қыстамаңдар. Мен онда енді не істеймін әйелдік міндетімді дұрыс атқармасам күйеуімді күн артқан сайын жек көрсем онда қалудың керегі жоқ деп нүкте қойдым.Содан бері мен анаммен бірге тұрып жатырмын. Намаз оқып жүргеніме жыл болып қалды. О дүниеде әйел адамнан алғаш сұралатын 2 нәрсе намаз және күйеуіңе мойынсұндың ба деп сұралады дейді. Мен болсам намаз оқығаныммен күйеуіме мойынсұнбадым бұл қалай болады деп көп ойланамын. Бұл күнәдән мен арыла аламынба? Дәм-тұзым қай кезде таусылады оған дейін бұл күнәдән тазарамынба жоқпа оын да білмеймін.


Аты-жөні: Aktoty
Дата: 2.07.2016 03:19

Пікір:
Alla razy bolsyn! Duga nietterimiz kabyl bolsyn


Аты-жөні: Баян
Дата: 3.07.2016 11:23

Пікір:
Сіңілім,өте әсерлі жвғдай екен,сізде. Сабырдың арқасында шыдаған екенсіз.Алла сізге әлі де сабыр берсін.Өте ақылдысыз.Алладан сіз үшін,сізге әйел бақытын сұраймын.





Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.