24.06.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ 16 ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕК

2125 рет оқылған
image 1

 

Сіз өз еліңіз туралы не білесіз?

1.     Сөйлейтін піл «Батыр» – әлем бойынша шамамен дауыс шығарып, сөйлей алатын піл кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстанның зоопаркінен табылған. Зоопарк қызметкерлерінің айтуына қарағанда «Батыр» (пілдің аты) әртүрлі дауыстарды келтіре алатын болған. Мәселен, иттің қыңсылауы, адамның сөйлеуі, т.б Пілдің мұндай қабілетін парк қызметкерлері 1977 жылы байқап, кейін әртүрлі БАҚ өкілдері дәл осы піл туралы жарыса жазады. Кейін пілдің мұндай қылығы әлем ғалымдарының назарына ілігіп, хайуанаттар туралы әртүрлі ғылыми ізденістердің дамуына жол ашқан. Жер бетінде сөйлеп, дыбыс шығара алатын сүтқоректілер ілуде біреу ғана, тіпті, өте сирек кездеседі екен. Сондықтан 1979 жылдары Батыр туралы деректер кеңінен таралып, шетелдік «Nature», «Scientific American» сынды журналдардың басты жаңалығына айналған.

2.     Қазақстан Республикасы мен Ресейдің арасы – құрлық бойынша әлемдегі ең ұзын шекара . Оның ұзындығы – 7512,8 км.

3.     Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы ГРЭС-2 – әлемдегі ең ұзын түтін шығаратын құбыр. Оның ұзындығы – 419,7 м.

4.     Қазақстан 2005-2006 жылдары уран өндіруден әлем бойынша 3-орында тұрған. 2006 жылғы өндірілген уранның көлемі – 4020 тонна болған. Ал 2009 жылы еліміздегі өндірілген уранның көлемі 13500 тоннаға жетіп, 1-орынға көтерілді.

5.     Қазақстан жер аумағы бойынша әлемде 9-орында тұр.

6.     Қазақстан – қызғалдақ пен алманың Отаны.

7.     Жылқы малын алғаш рет қолға үйреткен – қазақ елі.

8.     Медеу – әлемдегі ең биік таулы мұз айдыны.

Медеу – әлемдегі қысқы ойындарға арналған ең биік таулы кешен. Оның жасанды мұз алаңы – 10,5 мың м2. Таудың биіктігі мен табиғат аясындағы табиғи таза су – әлем спортшыларының назарына іліккен. Дәл осы жерде 170 әлемдік рекорд жасалған.

9.     Ең алғашқы жасанды жер серігі (Спутник-1) Қазақстанда жасалып, Ю.Гагарин тұңғыш рет Қазақстанның Байқоңыр аймағынан ғарышқа ұшқан.

10. Орыс тіліндегі  «деньги» сөзі түріктің теңге сөзінен шыққан. Бұл – қазақ елінің ұлттық валютасы.

11.  Көк-төбедегі «Алматы» телемұнарасы – теңіз деңгейімен есептегенде әлемдегі ең биік мұнара. Оның ұзындығы – 371м. Бұл теле-радиотаратқыш Алматы қаласында 1978-1982 жылдар аралығында салынған.

12.  Қазақстан 1991 жылдың 16-желтоқсаны күні өзінің Тәуелсіздігі туралы Заң қабылдады.

13. Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің әр он оғының  8-і қазақстандық қорғасыннан құйылған.

14.  Қазақстандағы Балқаш көлінің суы Құранда суреттелген бір-біріне қосылмайтын ащы, тұщы сулардан тұрады. Яғни ғалымдар көлдің бір жақ суы ащы, келесі жағы тұщы екенін анықтап, таңданыс білдірген.

15. Қазақстан – қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан мемлекет. Мұнда, яғни Қазақстандағы Қорғалжың қорығына жыл сайын 36 мың алқызыл қоқиқаздар ұшып келеді. (фламинго)

16. Сонымен бірге Қазақстан мың жылдан астам тарихы бар әр түрлі тарихи шаһарлардың, қазба байлықтардың Отаны.

 

Деректер interesno.cc сайтынан аударылып алынды.

 

 

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




Нәтижелері жоқ.



Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.

Мақалалар

.