18.08.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан

ТАБЫСТЫ БОЛУ ҮШІН БІЛУІҢІЗ ТИІС ҚҰРАН ҚАҒИДАЛАРЫ!

5458 рет оқылған
image 1

 

 

 

Табысты болу деген не? Бұл ешбірімізге бейтаныс ұғым емес. Табысты болу  – белгілі бір салада өзгелерден артық болу, жетістікке жету. Табысты адам – өзгелер қызыға қарайтын биікті бағындырған, өмірін, уақытын пайдалы іспен безендірген жан. Оның өмірінде ақшамен қиындықтар көп болмайды. Өйткені, тығырықтан шығудың, қаражат табудың жолдарын меңгеріп үлгерген. Ендеше, кімнің табысты болғысы келмейді дейсіз?

Әдетте, Алланың сөзі болған Құранның тұлға қалыптастыратын қағидаларға толы екендігін ауызға алып жатамыз. Айтуын айттық қой, алайда, күнделікті тәжірибеде қолданып көрдік пе деген сауалға бірден жауап беру қиын. Асылында, Құран аяттарын өміріне негіз етіп, табысты жанға айналғандар жетерлік екен. Олар Алла бекіткен қағидалаға қайшы келместен әрекет етті. Нәтижесінде миллионерлер, триллионерлер пайда болған. Сондай табысты тұлғалардың кеңестері мен дәрістері негізінде даярланған бұл жазбаны сіз де кәдеңізге жаратарсыз...

 

 

1.     «Қадам жасауға күмәнданба!»: «...Алла барлық нәрсені Жасай алушы» («Әли Имран» сүресі, 189-аят).

 

Иә, ешбір адам өзінің болашағын болжай алмайды. Жасаған қадамының сәттілік әкелетіндігіне 100 пайыз сенімді де бола алмайды. Бірақ, ол барлық нәрсеге қауқарсыз болса да, оның Раббысы барлық нәрсені Жасай алушы.  Тек Оның көмегіне қаншалықты лайықсың? Өзіңнің тарапыңнан тиісті болған нәрселерді жасадың ба? Осы екі мәселені шешу керек адам – сен. Алланың көмегіне ие болу үшін оған адал бол. Оған тәуекел ету үшін қолыңнан келген барлық мүмкіндікті жаса.

 

 

2.     «Табанды бол, жалқаулыққа берілме!»: «Біз үшін ынта-жігермен әрекет еткендерді – Өз жолдарымызбен жүргіземіз» («Рум» сүресі, 69-аят).

Ынта-жігермен әрекет етушінің соңғы аялдамасы – жеңіс, Аллаға ұнамды жол, жеңілдік. Алға қойған мақсатына табанды әрі жүйемен әрекет ететін адам – ең сенімді әдісті қолданушы. Табандылық пен жүйе – табысқа жетудің кілті. Бұл екеуінсіз бір биікке жеттім деу бекерлік. Имам Ғазали бір сөзінде: «Тәтті армандар жалқаулардың жүрегінде қаза болады» деген екен. Адам әрекет еткенде ғана түрлі мүмкіндіктерге жолығады. «Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, кім бай болмайды?» (Абай).

 

3.     «Сенде табысқа жету үшін бәрі бар!»: «Ол сендерге сұрағандарыңның бәрін берді» («Ибраһим» сүресі, 34-аят).

«Ісім өнсін десең, ретін тап» деп тағы да Абай сөзімен айтсақ, амалын жасасаң, іздегенің алдыңнан тілемей-ақ табылғалы тұр. Жетістікке жету үшін «пәлен жоқ, түген жоқ», «анау болғанда, мынау болмағанда» деп сылтау айту да бекерлік екен. Толық, әдемі, ақылды өмір сүру үшін бізде керектінің бәрі бар. Тек «іздеу» деген бағдарламаны іске қосып, табысқа жетудің жолын айқындау қажет.

 

4.     «Өзгерісті өзіңнен баста!»: «Анығында, адамдар өздеріндегіні өзгертпейінше, Алла олардағыны өзгертпейді» («Раъд» сүресі, 11-аят).

Ертегідегі ғажайыпты күтіп қайтесің? Өзгерістерді өзіңнен бастап кет. Табысты адамға қажет амалдар атқар, пікір қалыптастыр, көзқарас өзгерт. Алла Тағала әрекетіңе сай берекет береді. Бұл аят бізге үлкен жауапкершілікті артады. Үнемі өзімізді бақылап отыру қажеттілігін тудырады. Өзгерістер оң да, теріс де болуы мүмкін. Сенің таңдауыңа сай Алла да қарым-қатынас жасайды. Техника, нарық, ғылым, мәдениет саласындағы өзгерістер мен жетістіктердің жай ғана куәгері болып қалуға да болады. Алайда, табысты адамға айналам десең, өзіңдегіні өзгертіп, сол саланың негізгі кейіпкеріне айналуға да мүмкіндік жоқ емес.

 

 

5.     «Көпті аз құрайды немесе жоқтама да, шағымданба!»: «Егер, шүкір етсеңдер арттыра беремін» («Ибраһим» сүресі, 7-аят).

Мамандар алдына мақсат қойып, ұзақ сапарға шыққан адамға: «Мен жақсы күйде болғанда қандай сезімдерді бастан кешіремін», «Қазір мендегі ең қымбат нәрсе не?», «Менің қазірге дейін жеткен жетістігім қандай?» деген сауалдарға сұрақ қою керек дейді. Ал Құран сол сәтте барыңа дер кезіңде шүкір айтып қал, сонда еселеп арттырып алуға мүмкіндік аласың дейді. Екеуі де бір-бірінен алыс емес. Алғашқы сауалдарға жауап бер де, шүкіріңді жаудыра бер. Бұл шүкірдің айтылатын мекені – жүрек.

 

6. «Қиындықтарды жеңуге күшің жетеді»: «Шын мәнінде, Біз адамды ауыртпашылықтарға жараттық» («Бәлад» сүресі, 4-аят).

Рас, адам әлсіз. Бірақ, ол өз басына берілген қиындықтарға төзуге қуатты. Екінші жағынан, оған өзі көтере алмайтын жүк берілмейді. Бұл да – Жаратушысының уәдесі. Ол Жәннатқа кіріп кеткенше ауыртпашылықтармен қоршалады. Бұл – қалыпты. Барлық жағдай кемел, мінсіз болмайды. Табысты, бақытты, өзара түсініспеушілікте бола алатын, бірақ, тәжірибесі жоқтан қор болып, азап шегетін кездер болады. Алайда, тәжірибе жинаса, үйренсе, ақылдасса, тырысса, бәрі де қалыпқа түседі. Төтеп беріп үйрену қажет.

 

7.     «Мақсатыңнан адасып қалма»: «Сол күні адам не нәрсеге талпынғанын есіне алады» («Назиғат» сүресі, 35-аят).

Талпыныс деген үнемі жалғасуда. Балабақша, мектеп, университет, қызмет, отбасы, бала-шаға... Әйтеуір, жарысып, жүгіретініміз көп. Бұл нәрселер сені негізгі мақсаттан адастырмау қажет. Мәселен, сенде жақсы бір бизнес жоспары бар. Ол арқылы табыс тауып, адамдарға пайдалы болуды, сауапты істерге араласуды көздейсіз. Бірақ, үйлендің, әйеліңмен түрлі бүліктер болды, бала-шағаңды асырау керек, олар ауырып қалып жатыр... Күнделікті тіршілік сені тоқтатпасын. Екеуін де қатар алып жүр. Біз алда көп уақыт бар деген оймен баяу, бейғам қимылдаймыз. Қате! Жүрекке негізгі мақсатқа жетуге үлгере алмай қаламын деген қорқынышты ұялат! Орындалмаған армандар үшін өкініш, бос өткен уақыттарды жоқтау сезімдеріне жолығып қалма. Таң атса, кешті күтпе, кеш батса, таңды күтпе!

 

8.     «Өзіңді әрдайым бақылауда ұста»: «Сендер міндетті түрде бір халден басқа бір халге өтесіңдер» («Иншиқақ» сүресі, 19-аят).

Бұл құлшылықта ғана емес, саясатта, бизнесте, қызметте, шаңырақта т.б. Адам ешқашан бір қалыпта тұрмақ емес. Тіпті, иманы да үнемі құбылып тұрады. Кенеттен орын алған құбылу сенің жоспарыңа кедергі де келтіруі мүмкін. Осындайда бақылауға алу керек нәрселер бар: эмоция, көңіл күйдің құлауын қадағалау. Бұлар сені бір пәсте артқа жылжытуы, мәнсіздікке түсіруі мүмкін. Тіпті, жасағалы тұрған маңызды қадамыңнан бас тартқызуы да ғажап емес. Эмоцияңды тұзақта ұста!

 

 

 

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




1—10 нәрсе, барлығы 10.
Аты-жөні: Канат Жангалиев
Дата: 16.10.2016 17:41

Пікір:
Құдайға мыңда бір рахмет.бергеніе шүкірлік.бойға қуат берді .


Аты-жөні: Еркін Елмұрат
Дата: 18.10.2016 17:45

Пікір:
Аллаға шүкір, жақсы кеңестер алдым, рахмет сіздерге


Аты-жөні: Раушан
Дата: 31.10.2016 09:48

Пікір:
Аллаға сансыз шүкір!!!


Аты-жөні: Нүрбек Халықов
Дата: 2.11.2016 03:20

Пікір:
Шындығында өмір үйретеді, өйткені ...


Аты-жөні: Аноним
Дата: 5.11.2016 23:02

Пікір:
Саламатсыздар ма? (Рум сүресі 69-аят) деп тұр. Рум сүресінде 60 аят емеспа??


Аты-жөні: Серик
Дата: 13.04.2017 21:16

Пікір:
Аллаһа сансыз шукир!


Аты-жөні: Ералы
Дата: 14.04.2017 00:34

Пікір:
рахмет


Аты-жөні: Арман Бейсенов
Дата: 14.04.2017 01:33

Пікір:
Алларазыболсын! Рахмет осын ызденып Жазып шығарғандарға!


Аты-жөні: Болат Мусалиев
Дата: 14.04.2017 02:22

Пікір:
Маган айткан секілді


Аты-жөні: Сұлтан
Дата: 16.04.2017 20:20

Пікір:
Аллаға шүкір әрекет жасауға тамаша кеңес рахмет сіздерге Алланың нұры жаусын осы еңбектеріңізге рахмет.





Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.

Мақалалар

.