12.12.2017
ТаңКүнБесінЕкінтіАқшамҚұптан
06:4908:1212:4915:3817:2018:43

Дұға қабыл болатын мекендер

4442 рет оқылған
image 1

 

Кішкентай кезіңізде «аузы дуалы ақсақал», «дуалы ауыз», «көне көз» деген тіркестерді жиі естіген боларсыз.  Бұл тіркестерді қазақ аса қатты құрмет көрсетіп, сыйлаған, ауылдың беделді адамдарына қаратып айтатын. Қарап отырсаңыз, осы сөздің төркіні - аузында дұғасы бар адам дегеннен шығады екен. Демек, біздің халқымыз аузында дұғасы бар адамдарға  аса құрметпен қараған. Алла Тағала «Фатыр» сүресінің 15-аятында: «Ей, адамдар! Сендер Аллаға мұқтажсыңдар. Ал Алла – әл-Ғани (бәрінен Бай), әл-Хамид (аса Мақтаулы)», – дейді. Иә, адам қай кезде де өзін жоқтан бар етіп жаратқан әлемнің Раббысы Алланың мейірімі мен жарылқауына, рақымына мұқтаж. Өйткені, өмірінде белгілі бір мақсаттарды көздеп, армандамайтын, тілек тілеп, жалбарынбайтын адам болмайды.

Сондықтан да адамдардың қажылыққа аттанып бара жатқан біреуді көрсе болды, «мен үшін дұға тілеші», «маған да дұға жасауды ұмытпа» деп өтініп сұрап жұргенін көресіз.  Неге? Мұның себебі - дұғалар қайтарылмайтын арнайы орындар мен мекендердің болатындығында.   

 

 

1. Тәшриқ күндері кіші және орта Жәмәраттарда тас атқандағы дұға:

 

«Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мина мешітінен кейінгі Жәмәратта жеті майда тас атып, әрбір тасты атқанында тәкбір айтатын. Содан кейін құбылаға бұрылып, екі қолын көтеріп ұзақ дұға ететін. Екінші Жәмәратта да дәл осыны қайталайтын. Сосын Ақаба Жәмәратына келіп, мұнда да жеті тас лақтырып, әр тасты атқанда тәкбір айтып, қайтатын. Ол жерде тұрмайтын» (Бұхари).

 

2. Қағбада:

 

Усәмә ибн Зәйдтен (оған Алла разы болсын) жеткен хадис бойынша,  Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алла үйіне кіргенде оның барлық тұсында да дұға жасаған», – деген.

 

3. Қажы мен умрашының Сафа мен Мәруаның тауларында жасаған дұғасы:

 

Жәбир (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қажылығы туралы ұзақ хадисінің ішінде: «Содан кейін Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын.) есіктен шығып, Сафаға барды. Сафаға жақындағанда «Шындығында, Сафа мен Мәруа – Алланың белгілерінен» («Бақара» сүресі, 158-аят) – деген аятты оқып: «Алланың бастағанымен бастаймын», – деді де, Сафадан бастады. Оның үстіне шығып, Қағбаны көргенде, құбылаға қарады. Алланы бірлеп (яғни «Лә иләһә илләллаһ» деп), тәкбір айтты («Аллаһу әкбар») Сосын: «Лә иләһә илләллаһу, уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамд, уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир. Лә иләһә илләллаһу уахдәһ, әнжәзә уаъдәһ, уә насара ъабдәһ, уә һәзәмәл-ахзаба уахдәһ (Алладан басқа құдай жоқ. Ол жалғыз, Оның серігі жоқ. Мүлік те, мақтаулар да Оған ғана тән және Ол әр нәрсеге Құдіретті. Жалғыз Алладан басқа құдай жоқ. Ол Өз уәдесін орындады, құлына жәрдем берді және жікшіл тайпаларды Өзі жеңді)», – деді», – деген (Муслим).

 

4. Қажылардың Машғарул-Харамның (Муздалифаның) қасында айттың бірінші күні жасаған дұғасы:

 

Жәбир (оған Алла разы болсын) жоғарыда аталған Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қажылығы туралы хадисінде: «Сосын Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түйесіне мініп, Қасиетті тауға (Муздалифадағы тауына) жетті. Құбылаға бет бұрып, дұға қылды. Тәкбір, тәһлил және Алланы бірлеу сөздерін айтты. Сол жерде таң атқанша тұрды. Сосын күн шықпай тұрып аттанды», – деген (Муслим).

 

5. Қажылардың Арафа күні Арафатта тұрып айтқан дұғасы:

 

Амр ибн Шуғайб әкесінен, ал әкесі атасынан жеткізген риуаятында Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Дұғаның ең қайырлысы – Арафа күні жасалынған дұға. Менің және менен бұрынғы пайғамбарлардың айтқандарының ең қайырлысы: «Лә иләһә илләллаһу, уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку, уә ләһул-хамду, уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир (Алладан басқа ешбір құдай жоқ. Ол - жалғыз, Оның серігі жоқ. Мүлік Оған тән және мақтаулар да Оған лайық. Ол - әр нәрсеге Құдіретті)», – деген  (Тирмизи, Мәлик).

 

Дегеніне жетем деп талпынған адам дұғасына да ықтиятты болуы тиіс. Дұғаға беріктік таныту – айналып келгенде, адамның өзіне жақсылық жасауы деген сөз.  Себебі, «Қандай да бір мұсылман Аллаға дұға жасап, дұғасында күнә, туыстық байланысты үзу болмаса, Алла оған үш нәрсенің біреуін береді: не оның тілегі тез орындалады, не Ақыретке дейін сақтап қояды немесе одан сондай бір жамандықты қайтарады» (Ахмад, Тирмизи).

www.asylarna.kz



Достарыңызбен бөлісіңіз!




Нәтижелері жоқ.



Please enter the letters as they are shown in the image above.
Letters are not case-sensitive.
.